Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық бөлімі
Бөлім туралы
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің (ары қарай - ОҚМПУ) студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын жүзеге асыру, білім беру үдерісін жетілдіру, университеттің халықаралық байланысын дамыту мақсатында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2011ж. 20 сәуірдегі № 152-бұйрығы негізге ала отырып, «ОҚМПУ-дің халықаралық ынтымақтастығы», «Ішкі және сыртқы академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру» және «Шетел мамандарын тарту және шақыру бойынша шығындардың есесін қайтару тәртібі» туралы ережелер бекітілді.
- оқытушылар мен студенттердің сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру;,
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы негізінде университетте сабақ беру үшін шетелдік мамандарды тарту ; ,
-Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бағдарламасы негізінде университеттің топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тарту.
Бөлім қызметкерлері:
Бөлім басшысы – Байгараева Аида Есимханқызы
Наралиева Шахло Джамаловна
Бас маман
Бөлімнің маманы – Тұрғараева Салтанат
Бөлімнің маманы – Нұрланова Лаура
Академиялық ұтқырлық
Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы келесілерге бөлінеді:
1) Сыртқы академиялық ұтқырлық
Студенттер беделді шетелдік университеттерде бір семестр (4 ай) бойы тегін білім алатын сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы.
Қазіргі уақытта біздің студенттер Еуропада, Венгрия, Польша, Латвия, Германия, Болгария сияқты елдерде оқиды.
Академиялық ұтқырлық-болашақ кәсіпқойлар үшін білім, білік және дағдыларды, сондай-ақ жаһандық еңбек нарығы тұрғысынан өндірістік міндеттерді шешу контексінде оларды қолдану тәжірибесін алуға тамаша мүмкіндік. Әлемдік қоғамдастықтағы жағдайды, экономиканың белгілі бір салаларының даму перспективаларын талдай отырып, осыған байланысты конференцияларға қатыса отырып, студент жаһандық ойлауға дағдыланады.
Кароя Эстерхази университетінің студенттері (Венгрия)
"Академиялық ұтқырлық" бағдарламасының арқасында студенттерге ой – өрісін кеңейтуге, басқа елге баруға, басқа мемлекеттің жоғары оқу орнында білім алудың бірегей тәжірибесін алуға мүмкіндік беріледі.
Артықшылықтары:
* студенттерде жеке білім беру траекториясын таңдау, неғұрлым сапалы білім беру қызметтерін сатып алу мүмкіндігі пайда болады;
* жоғары оқу орындары үшін тиімді бәсекелестік пен өзара іс-қимылдың жаңа шарттары қалыптасуда;
* ғалымдар мен оқытушылар үшін жемісті ғылыми және оқу ынтымақтастығының келешегі ашық.
* еңбек нарығы халықаралық нарыққа айналуда, бұл кейіннен білікті кадрларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін жеңілдетеді.
Халықаралық ынтымақтастық
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 47 шетелдік жоғары оқу орындарымен келісім-шарт жасасты. Біз Польша, Латвия, Венгрия және Орталық Азиядағы университеттермен тығыз қарым-қатынас жасаймыз.
Халықаралық байланыс
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті шетелдің 47 жоғары оқу орындарымен келісім шарт жасалған. Польша, Латвия, Венгрия және Орта Азия мемлекеттерінің жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс жасауда.
2) Ішкі академиялық ұтқырлық
Ішкі академиялық ұтқырлық деп білім алушылардың басқа қазақстандық жоғары оқу орындарында оқуы түсініледі. Ішкі академиялық ұтқырлық, әдетте, ректордың бұйрығына сәйкес Қазақстан аумағындағы басқа жоғары оқу орындарына іссапарға жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы-қазақстандық жоо-да бір семестр бойы оқу. Қазіргі уақытта біздің студенттер Алматы, Павлодар, Тараз, Петропавл, Қостанай, Орал, Ақтөбе, Ақтау және Қазақстан Республикасының басқа да қалаларында оқиды.
Академиялық ұтқырлықтың маңыздылығы:
- жеке даму;
- жұмысқа орналасу мүмкіндігі;
- әртүрлілікті құрметтеуге тәрбиелейді;
- басқа мәдениеттермен жұмыс істеу мүмкіндігі.
«Шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасы
Бағдарлама шарттарына сәйкес, ғалымдар сапарының мақсаты студенттер мен аспиранттар үшін семинарлар мен дәрістер өткізу; магистранттардың диссертациялық жұмысына жетекшілік ету, химиялық және биологиялық, сондай-ақ техникалық зертханаларда жүргізілетін ғылыми зерттеулерге қатысу болып табылады.
Біздің университетке келген шетелдік ғалымдар :
2014-2015 оқу жылы
№ |
Аты-жөні |
Университет, Ел |
мамандығы |
1 |
Мейке Бройер, PhD |
Курск Университеті, Германия |
Дене шынықтыру және спорт |
2 |
Вальтер Фризен , PhD |
Дрезден техникалық университеті, Германия |
Шет тілі: екі шет тілі |
3 |
Евгений Эхельберг, PhD |
Дюссельдорф университеті, Германия |
Шет тілі: екі шет тілі |
4 |
Клаус-Петер Эйхлер, PhD |
Швебиш Гмюнд педагогикалық университеті, Германия |
Физика-математика |
5 |
Амиргазин Кайртай, д.п.н. |
ҚЖМ Омбы филиалының директоры, Ресей |
Кәсіптік оқыту және сызу, бейнелеу өнері |
2015-2016 оқу жылы
№ |
Аты-жөні |
Университет, Ел |
мамандығы |
1 |
Муминова Л.,д.п.н., профессор |
Өзбекстан |
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
2016-2017 оқу жылы
№ |
Аты-жөні |
Университет, Ел |
мамандығы |
1 |
Атони Пардала, профессор PhD |
Польша, Университет Радом
|
Физика-математика
|
2 |
Дерижан Ицка, PhD |
Болгария, Бургас Университеті
|
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
|
3 |
Андрей Лючик, PhD |
Португалия, Нова де Лиссабон университеті
|
Физика-математика
|
4 |
Олена Лыгина, PhD |
Португалия, Нова де Лиссабон университеті
|
Химия
|
5 |
Кенжеахмет Нурлан, PhD |
Германия Бонн Университеті
|
Қазақстан тарихы
|
6 |
Мустафа Селми, PhD |
Египет, Суэц каналы университеті
|
География
|
7 |
Вальтер Фризен, PhD |
Германия, Дортмунд Университеті
|
Шет тілі: екі шет тілі
|
8 |
Свитлана Любчик, PhD |
Португалия, Нова де Лиссабон университеті
|
Химия
|
9 |
Одета Норкуте, PhD |
Литва, Витаутас Университеті
|
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі
|
10 |
Анаркулов Хабибула |
Қырғызстан, Қырғыз Құқық Университеті |
Дене шынықтыру және спорт |
2017-2018 оқу жылы
№ |
Аты-жөні |
Университет, Ел |
мамандығы |
1 |
Неофотистос Георгиос, Phd |
Греция, Крит университеті, |
ОҚМПУ интернационалдандыру жөніндегі Проректор (физика-математика)
|
2 |
Петер Сзатмари, Phd |
Гарвард университетінің тұрақты профессоры |
Халықаралық конференция (ОҚМПУ-нің 80 жылдығына) |
3 |
Сидхард Саксена, Phd |
Кинг Сигизмунд Университеті, Венгрия |
Семинар өткізді
|
4 |
Игнатьев Сергей Евгеньевич |
Кембридж Орталық Азия форумы, Ұлыбритания |
Халықаралық конференция (ОҚМПУ-нің 80 жылдығына) |
2018-2019 оқу жылы
№ |
Аты-жөні |
Университет, Ел |
мамандығы |
1 |
Антони Пардала, PhD профессоры |
Польша, Университет Радом |
ОҚМПУ ПОҚ мен студенттері үшін дәрістер мен семинарлар өткізді |
2 |
Мұстафа Селми, PhD |
Египет, Суэц каналы университеті |
(физика-математика) |
3 |
Марсин Эдвард Душински, MSc профессоры |
Польша, Бизнес Академиясы Жаңа Сонч |
ОҚМПУ ПОҚ мен студенттері үшін дәрістер мен семинарлар өткізді |
4 |
Рейхард Уве Питер Миллер, химия ғылымдарының докторы |
Германия, Макс Планк Институты |
(география) |
5 |
Джошуа Дуфо, филология магистрі (Fulbright USA бағдарламасы бойынша) |
АҚШ, Массачусетс |
ОҚМПУ ПОҚ мен студенттері үшін дәрістер мен семинарлар өткізді |
2019-2020 оқу жылы
№ |
Аты-жөні |
Университет, Ел |
мамандығы |
1 |
Александр Ромишовски, PhD профессоры
|
АҚШ, Сиракуз университеті |
ОҚМПУ ПОҚ мен студенттері үшін дәрістер мен семинарлар өткізді (информатика және математика)
|
2 |
Хавьер Родригес және Ларри, PhD профессоры
|
Испания, Валенсия Политехникалық университеті |
ОҚМПУ ПОҚ мен студенттері үшін дәрістер мен семинарлар өткізді (химия, биология)
|
3 |
Марьянчик Виктория Анатольевна, филология ғылымдарының докторы, профессор
|
Ресей Федерациясы, Солтүстік Арктика Федералды университеті |
ОҚМПУ ПОҚ мен студенттері үшін дәрістер мен семинарлар өткізді(орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті)
|
4 |
Балясникова Ольга Вениаминовна, доцент, филология ғылымдарының кандидаты
|
Ресей Федерациясы, Ресей Ғылым Академиясының Тіл білімі институты |
ОҚМПУ ПОҚ мен студенттері үшін дәрістер мен семинарлар өткізді (орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі Орыс тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті)
|
5 |
Сапарниязова Муяссар, доцент, филология ғылымдарының кандидаты
|
Өзбекстан Республикасы, А. Навои атындағы Ташкент мемлекеттік өзбек тілі мен әдебиеті университеті |
ОҚМПУ ПОҚ мен студенттері үшін дәрістер мен семинарлар өткізді (өзбек тілі мен әдебиеті)
|
6 |
Джошуа Дуфо, филология магистрі (Fulbright USA бағдарламасы бойынша) |
АҚШ, Массачусетс |
ОҚМПУ шет тілдер кафедрасында 2018 жылдың 6 қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін жұмыс істейді |
Қос диплом бағдарламасы
Қос диплом бағдарламасы бойынша ОҚМПУ Латвия елінде орналасқан Халықаралық Балтық университетімен тығыз байланыста.
Бағдарлама аясында “5В011900 – Шет тілі: екі шетел тілдері” және “5В020700 Аударма ісі” мамандықтары бойынша студенттеріміз білім алуда
Халықаралық бағдарламалар мен курстардағы студенттерге пайдалы сілтемелер:
https://americanenglish.state.gov/american-english-moocs
-
Академиялық ұтқырлық конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар:
- Студенттің өтініші
- паспорт көшірмесі
- 3 тілде транскрипт (мем., орыс. және ағыл.) 106/2
- 082/у медицналық анықтама (шетелге шығатындарға)
- шетел тілдерін білу жөніндегі сертификат (ағылшын тілі - IELTS, TOEFL; –В2 және одан жоғары деңгейде тілді білу туралы сертификат) при наличии
- фото 3х4, 6 дана