Мәдениет бөлімі

МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІ

    

МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 

ФАХРИДИНОВА ХАДИША ШАМШИДИНҚЫЗЫ

Мәдениет бөлімі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру мен студенттерді  өнерге, мәдениет салаларына  баулуды, талантты  жастардың  шығармашылығына  қолдау  көрсету, жастарды  ұлттық рухта  тәрбиелеу, өнерлі жастарды қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға дайындауды,  қазақ   эстрадасына,  өнер әлеміне  жетелеуді мақсат етіп қойған. Сонымен қатар, эстетикалық тәрбие  беруді және  бос  уақытын  тиімді пайдалануды, жастардың  талант  көздерін ашуды, жаңа  тың  көзқарастағы жастардың прогрессивті ой-өрісін дамытуды көздейді.

 

 

 

 

МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНІҢ МӘДЕНИ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ

ШАЙМОВА БАЛНҰР АНУАРБЕКОВНА 

Мәдени іс-шараларды ұйымдастырумен қатар студенттердің жоғарғы көркем мазмұндағы репертуарды жетілдіруіне, сахналық мимика, қимыл-қозғалысы, дауыс ерекшелігі, микрофонмен жұмыс істеу, фонограмманы пайдалану т.б. шеберліктеріне жаттықтырады және концерттік шараларда музыкалық нөмірлердің сапалы түрде дайындалуына ықпал жасайды, студент жастардың шығармашылық таланттарын дамыту бағытындағы байқаулар мен фестивальдер өткізуге міндеттенеді.

 

 

 

 

МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНІҢ ДЫБЫС РЕЖИССЕРІ

БАЙТЕЕВ ОЛЖАС САРДАРБЕКОВИЧ

Міндеті – мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу істеріне байланысты (концерттер, би кештері, фестивальдер, байқаулар) мәдениеттің түрлі бағыттарындағы көрсетілген іс-шараларда дыбыс шығарушы, дыбыс күшейтуші, электронды және саздық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуші.

 

 

 

 

МӘДЕНИЕТ БӨЛІМІНІҢ ӘДІСКЕР МАМАНЫ

БАЙМАХАНОВ НУРЖАН КОЖАНАЛИЕВИЧ 

Жастарға шығармашылық қызмет көрсету жұмысының әртүрлі құралдары, нысандары мен әдістерін қолдана отырып студенттік жылдардың мазмұнды да қызықты өтуін қамтамасыз етуге, музыкалық өнер өлкесінде елге танымал дарынды жастармен кездесулер өткізіп, студенттердің өнер әлеміне қызығушылығын арттыруға міндеттенеді.