Тест орталығы

Тест орталығының басшысы
Кожамбердиева Жанат Камаловна
Жұмыс орны: Б ғимараты, 204 кабинет
Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-39-02-44 (731)
Ұялы байланыс сымтетігі: 8-707-737-96-61
 
Тест орталығының  ұжымы
 

Тест орталығының әдіскері

Салманова Паруза Өмірзаққызы

 

Жұмыс орны: Б ғимараты, 203 кабинет

Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-39-02-44 (731)

Ұялы байланыс сымтетігі: 8-777-002-95-00

Е-mail:paruza-74@mail.ru

 

Тест орталығының инженер-бағдарламашысы

Нығыметова Сулушаш Мұратқызы

 

Жұмыс орны: Б ғимараты, 204 кабинет

Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-39-02-44 (731)

Ұялы байланыс сымтетігі: 8-702-134-47-00

Е-mail:sulu.05.06@mail.ru

 

Тест орталығының бас администраторы

Кубенова Зияда Максатовна

 

Жұмыс орны: Б ғимараты, 203 кабинет

Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-39-02-44 (731)

Ұялы байланыс сымтетігі: 8-705-247-26-95

Е-mail:kubenova.ziada@gmail.com

Тест орталығының жүйелік администраторы

Таспулатов Болат Асқарұлы

 

Жұмыс орны: Б ғимараты, 206 кабинет

Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-39-02-44 (731)

Ұялы байланыс сымтетігі: 8-775-356-88-87

Е-mail:bolat_87@mail.ru

 

Тест орталығының операторы

Орынбасаров Нұрбол Онғарбайұлы

 

Жұмыс орны: Б ғимараты, 206 кабинет

Жұмыс сымтетігі: 8-(7252)-39-02-44 (731)

Ұялы байланыс сымтетігі: 8-707-833-09-73

Е-mail:nurbol_94@mail.ru

 

Тест орталығының жұмыс мазмұны

2015-2016 оқу жылының ақпан айында ректордың бұйрығы негізінде Тест орталығы құрылды.

Тест орталығында университеттің күндізгі және кешкі оқу түрінде білім алушылардың білімдерін компьютерлік тестілеу арқылы бағалау жүргізіледі.  Кредиттік оқыту технологиясына сай білімді бақылаудың формалары – аралық, межелік және қорытынды бақылаулар.

Компьютерлік тестілеуде білім алушыларға берілген бірнеше нұсқаулардан дұрыс жауапты тез және дұрыс таңдау іскерлігі қалыптасады.

Пәндер бойынша тест тапсырмаларын құрастыру және жаңарту технологияларын дамыту жүйелі түрде жүргізіліп отырады.

Орталық жұмысының негізгі мақсаты:

- Университеттің  сапа саласындағы саясаты мен мақсаттарын іске асыру;

- Барлық құжаттардың сапа менеджмент жүйесінің талаптарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз ету;

- «Univer» бағдарламасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- Білім алушылардың ағымдық және межелік бақылау тапсыратын пәндерден дайындалатын тест сұрақтарының кредит санына және тест тапсырмаларының мазмұнының  маман дайындау моделінің құзыреттілік талаптарына сәйкес келуін талап ету, қадағалау;

- Кредиттік оқыту жүйесі бойынша білімді бағалауды оқу процесінің кестесіне сай ұйымдастырып өткізу;

- «Univer» бағдарламасының мүмкіндігіне қарай орталық жұмысын жетілдіріп отыру;

- Тест формасында өтетін межелік бақылау мен емтиханды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өткізу;

- Тест тапсырмаларының уақытылы өткізілуін қадағалау, қабылдау;

- Сессия кезінде оқытушы-профессорлар құрамынан құрылған комиссия, кезекшілік жұмыстарының жоғары деңгейде, жауапкершілікпен өткізуді талап ету;

- Білім алушылардың межелік бақылаулар мен емтихандарға бекітілген кестеге сай кешікпей  келуі мен қажетті құжаттарының болуын қадағалау, талап ету;

- Білім алушылардың Тест орталығында сессия кезінде сырт көрініс, мінез-құлық мәдениеттерінің жоғары деңгейде болуын қадағалау, бақылау, талап ету;

- Компьютерлік сыныптарда  тәртіптіліктің жоғары деңгейде болуын және университет  мүлкі мен техникалық құралдардың бүтіндігін қадағалау;

- Техникалық құралдар кешенінің мақсатты түрде пайдалануын бақылау, талап ету.

 

Білім алушылар мен ата-аналар үшін жеке логин-парольдері арқылы  үлгерімнің жай-күйі мен  деңгейлері  жайлы мәліметтер алып отыруға мүмкіншілік, жағдай жасалған.

Компьютерлік  тестілеу  емтихандарын  және межелік бақылауларды өткізуге  жауапты  комиссия мүшелері мен кезекшілердің міндеттері

Емтихан кезіндегі кезекшілердің міндеттері:

1. Емтиханға білім алушыны жеке куəлігімен, студенттік кітапшасымен кіргізуге;

2. Компьютерлік  тестілеу  емтиханында  білім  алушының  емтиханды  талапқа  сай  
тапсырып, əділ баға алуына;

3.Білім алушының студенттік билеті, жеке басын куәландыратын құжаты күмәнді болған жағдайда емтихан комиссиясына хабарлауға;

4. Компьютерлік тестілеу емтихандары кезінде өзіне бекітілген дəрісханада емтиханның  
талапқа сай өткізілуіне;  
5. Дұрыс  жауабы  жоқ, қойылымы  дұрыс  емес  тестілеу  сұрақтары  кездескен  жағдайда

білім алушыға  оларды  қағазға  жазып  алуға  мүмкіндік  беруге;  
6. Жоғарыдағы жағдайда емтихан атауын, қате сұрақты анықтаған білім алушының  аты- 
жөнін, оқу тобын жазып алуға;

7.Тестілеу  емтихандары  кезінде  дəрісханаға  тест орталығының қызметкерлері мен емтихан  комиссиясынан  өзге  тұлғалардың  кірмеуін қамтамасыз етуге;  
8.Білім  алушыларға  анықтамалықтар,  шпаргалкалар  жəне  ұялы  байланыс құралдарын   емтиханға алып кірмеуін ескертуге жəне оны қатаң түрде бақылауға;  
9. Тестілеу кезінде  анықтамалықтар, шпаргалкалар, ұялы  телефон, т.б. заттарды қолданған білім алушыны емтихан комиссиясына ескертіп, тәртіп бұзылғандығы жөнінде акт түзіп, білім алушыны аудиториядан шығаруға;

10.Тест тапсырған əрбір білім алушының жинаған ұпайын, бағасын, уақытын арнайы  
журналға тіркеп, білім алушы мен кезекші өз қолын қоюға;  
11. Тестілеу кезінде дəрісхананы рұқсатсыз тастап кетпеуге;   
12. Тестілеу  емтиханына  кіретін  білім  алушының  орнына  басқа  білім  алушы  кірген  
жағдайда  екі  білім  алушыға  да «Тест формасында өткізілетін  межелік бақылау мен емтихан  тапсыру барысында Ереже талаптарын бұзғандығы туралы Акт» толтыруға;

13. Егер  кезекші  білім алушылардың жеке басын куəландыратын құжатындағы суретіне 

ұқыпты  қарамағандығы анықталса, онда оған тиісті əкімшілік шара қолданылады.

14. Емтихан  кезінде  кезекші білім алушыға шпаргалка, ұялы  телефон, т.б. заттарды қолдануға мүмкіндік берсе және тиісті деңгейде қарамағандығы анықталса, онда оған əкімшілік шара қолданылады.

 

Емтихан комиссиясы мүшелерінің  міндеттері:  
1. Тестілеу кезінде комиссия  мүшесі  компьютерлік тестілеудің талапқа сай ұйымдастырылып, өткізілуін  бақылау (емтихан  алдында компьютерлік   техникалардың,  желілердің, тестілеу программасының ақаусыз жұмыс істеуі, компьютерлік дəрісханалардың емтиханға  даярлығын);

2. Тест  барысында туындаған  келеңсіз  мəселелерді  (тестілеу  кезінде  
анықтамалықтар,  шпаргалкалар,  ұялы  телефон  қолданған  білім  алушыларды  актімен  емтиханнан  шығару,  өз  жауапкершіліктерін  талапқа  сай  атқармаған  кезекшілерге

тиісті  əкімшілік шара қолдану) қарап, оң шешу;  
3. Тест тапсыру  барысында  ауырып,  мазасызданған  білім алушыларды тесттен босату жəне ауырғандығын растау;  
4. Университет  факультеттерінің  профессор-оқытушылары  құрамынан  тағайындалған  
кезекшілердің талапқа сай кезекшілік етуін қадағалау;  
5. Дұрыс  жауабы  жоқ, қойылымы  қате сұрақтар бойынша білім алушылардың апелляциялық арыздарын қарау;  
6. Қажет  болған  жағдайда  тестілеу  сұрақтарын  құрастырған  профессор-оқытушыдан,  
кафедра  меңгерушісінен  тестілеу  сұрақтарының  талқыланғандығы  жайлы  кафедра  
мəжілісінің хаттамасын талап ету;

7. Тестілеу  сұрақтары  қате  құрастырылған  жағдайда  жауапты  профессор-оқытушыдан            түсініктеме  алу  жəне  апелляциялық  арыздың негізінде  хаттама дайындап мəселені білім алушының пайдасына шешу және оқу және оқу-әдістемелік  істер жөніндегі проректорға жазбаша ақпарат беру.

Білім алушыларға арналған ескертпе

Білім алушылардың міндетті:

  1. тестілеудің алдында осы ескертпемен танысу;
  2. компьютерлік сыныптарда ішкі тестілеу тәртібінің ережелерін сақтау;
  3. компьютерлік сынып кезекшілерінің талаптарын орындау;
  4. университет қызметкерлері мен білім алушыларына өзара құрмет, сыпайылық қағидаларын басшылыққа алуға.

Білім алушыларға тыйым салынады:

  1. Ұялы телефондарды, құлаққаптарды және ақпаратты сақтаудың, қабылдаудың және берудің басқа да жеке құралдарын пайдалануға;
  2. Мобильді құрылғылары көмегімен SMS, MMS, электронды хабарламаларға қоңырау шалу немесе жіберу / алу;
  3. Интернет желісінен тапсырмаларға жауап іздеу;
  4. Экраннан тест тапсырмаларын суретке түсіру;
  5. Тест тапсырмаларын тасымалдаушы құрылғыларға көшіру немесе электронды пошта арқылы жіберу;
  6. Тест барысында орындарды ауыстыру, бір-бірімен сөйлесу және тест тапсырмаларын орындау үшін басқа тұлғалардың көмегіне жүгіну;
  7. «сұрақ мәтіні – жауап мәтіні» немесе «сұрақ мәтіні – жауап нөмірі» түрінде ақпараттың қағаз немесе электрондық көздерін пайдалану;
  8. Компьютерді тоқ көзінен ажырату немесе қосу, сыртқы құрылғылар кабельдерін шығару және қосу;
  9. Монитор және жүйелі блокты орнынан қозғау;
  10. Пернетақта және компьютер үстеліне сөмке, портфель, тамақ, сусындарды және т.б. қоюға;
  11. Компьютер сыныптарында сыртқы киімдермен отыруға.

Ескерту: 1-7 тармақтарда айтылған ережелерді бұзған білім алушыға «Тест формасында өткізілетін  межелік бақылау мен емтихан  тапсыру барысында Ереже талаптарын бұзғандығы туралы Акт» толтырылып бағасы жойылады.