Кәсіби бағдар

20.11.2020ж. күні Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ұйымдастыруымен ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР-2020 форумы өтті. Форум тақырыбы: Жұмысқа орналасу проблематикасы: нарық және қажеттілік. Форумға ҚР БжҒ министрлігі Қаржы орталығының өкілі, ЖОО басшылары, Нұрсұлтан қаласының білім басқармасының басшысы,   Алматы қаласының білім басқармасының басшысы, Алматы қаласындағы аудандық білім бөлімдерінің басшылары, білім беру мекемелерінің басшылары, компания басшылары және жұмыс беруші мекемелер басшылары қатысты. Форумда спикер ретінде Кәсіби бағдар және мансап орталығының басшысы Битұрсын Ғалымжан Шәмшідинұлы Жұмысқа орналастыруда ЖОО-ның өзара ынтымақтастығының маңызы тақырыбында баяндама оқыды, сонымен қатар  2020 жылдың қазан айында Абай атындағы ҚазҰПУ мен ОҚМПУ арасында Кәсіби бағдар беру, бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылуын (орналасуын) қамтамасыз ету және бітіруші түлектер Ассоциациясы қызметін үйлестіру мақсатында өзара тәжірибе алмасу бойынша Ынтымақтастық меморандумы жасалған болатын.  Ғ.Ш. Битұрсын «Hr-procеss- педагог кадрларды іріктеу және жұмысқа қабылдау автоматтырылған өңірлік жүйесі» бойынша бітіруші түлектерді жұмысқа қамту арқылы болашақ жас мамандарға жаңа мүмкіндіктер туғызу туралы ұсынысын ортаға тастады және ол шешім форум нәтижесі бойынша қабылданды.