Тіркеу

Тіркеу бөлімінің басшысы: Мыңбаева Ақбілек Пазылханқызы –  PhD (философия) докторы

Тіркеу бөлімі – білім алушылардың барлық тарихын тіркеумен айналысып, оның академиялық рейтингісін есептейтін және білімін бақылаудың барлық түрлерінің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін академиялық қызмет.

  Негізгі міндеттері:

-курстарға тіркеу және қайта тіркеу процестерін ұйымдастырады;

 -студенттердің жеке жоспарын факультеттермен бірлесе отырып реттейді;

-Дипломға қосымша транскрипт дайындайды;

-UNIVER 2.0 бағдарламасына тіркеу жұмыстарын жүзеге асырады;

-кредиттік оқу жүйесі бойынша оқитын студенттерге  емтихан сессиясын жүргізеді, ұйымдастырады және  қорытындылайды;

-академиялық топтар мен ағымды  құрады;

 

ЖОО-да Босаған білім гранттарын беру туралы ереже

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттары (бұдан әрі – босаған гранттар) кадрларды даярлау бағыттары бойынша ақылы негізде білім алушыларға конкурстық негізде беріледі.

      Конкурс үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балы негізінде аралық аттестаттаудың нәтижесі бойынша білім беру грантын беру туралы куәлік беріле отырып өткізіледі.

      Ашық конкурс туралы хабарландыру кадрларды даярлау бағыттары мен курстары бөлінісінде босаған бос білім беру гранттарының саны көрсетіліп, ЖЖОКБҰ-ның сайтында (білім беру порталында) орналастырылады.

      Үлгерімнің GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда бүкіл оқу кезеңі ішінде тек қана А, А- ("үздік"), одан соң А, А- ("үздік") бағаларынан В+, В, В-, С+ ("жақсы") бағаларына дейін бағалары бар, бұдан әрі – аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бос тұрған орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ақылы негізде білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының атына алдағы уақытта жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

      2) келіп түскен өтініштер ЖЖОКБҰ-ның ғылыми (академиялық) кеңесі мен бақылау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің отырысында қарастырылады;

      3) ЖЖОКБҰ-ның ғылыми (академиялық) кеңесі мен бақылау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі негізінде ағымдағы жылғы 5 тамыз және 15 қаңтарға дейінгі мерзімде босаған бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім шығару үшін жолдайды.

      Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми (академиялық) кеңес пен бақылау (қамқоршылық) кеңесінің және (немесе) директорлар кеңесінің шешімі, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;

      4) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған және білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберілген бос білім беру гранттарын комиссия үміткерлердің болмағандығына байланысты конкурстық негізде қайта тағайындайды;

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

2018-2019 оқу жылының қысқы сессиясының емтихан  есебі

      2018-2019 оқу жылының  қысқы сессиясының емтиханы академиялық күнтізбеге сәйкес 19.12.2018ж.-4.01.2019ж. аралығында өтті. Соның ішінде 102-15 тобы академиялық күнтізбеге сәйкес  24.12.2018ж.-11.01.2019ж. аралығында емтихан тапсырып жатыр.

    Слайд №2.  Университет бойынша жалпы студент саны – 3622

Сессияны тапсыруға міндетті студенттер саны – 3622

Емтихан тапсыруға жіберілген студенттер саны – 3432 (94,7%)

Емтихан тапсыруға жіберілмеген студенттер саны – 97 (2,6%)

Келмегендер – 93 (2,5%). Оның ішінде себепті – 17 (0,5%) студент, себепсіз – 76 (2%) студент.

Тапсырған студенттер саны – 3368 (92,9%)

Өте жақсы (А, А-) – 362 (9,9%)

Жақсы (А, А-, В+, В, В-) – 2088 (57,6%)

Аралас (А, А-, В+, В, В-, С+, С, С-) – 918 (25,4%)

Тапсыра алмағандар немесе қанағаттанарлықсыздар – 64 (1,7%)

Оның ішінде:

Бір пәннен – 19 (0,5%)студент

Екі пәннен – 35 (0,9%) студент

Үш және одан да көп  - 10 (0,3%)студент

Университет бойынша үлгерім пайызы – 92,90%

Слайд №3  Университет бойынша 2017-2018 о.ж. қысқы сессиясының және 2018-2019 о.ж.қысқы сессиясының салыстырмалы түрде үлгерім көрсеткіштері

 

Слайд №42018-2019  оқу жылының қысқы сессиясындағы жалпы факультеттердің үлгерімі

Слайд № 52017-2018 оқу жылының қысқы сессиясы мен 2018-2019 оқу жылының қысқы сессиясының салыстырмалы көрсеткіштері

Слайд № 6-7    Жалпы мамандық бойынша 2018-2019 оқу жылының қысқы сессиясының үлгерім нәтижелері  

 

Слайд № 8-9     Курс бойынша университеттің жалпы үлгерім нәтижелері   

    Университет бойынша курстар аралығындағы үлгерімге келетін болсақ, ең жоғары жалпы үлгерімді 4 курс көрсетті; 2 орында 3 курс;  3 орында 2 курс;  4 орында 1 курс көрсетті.

Слайд № 10      Кешкі оқыту және дайындық факультеті

Университет бойынша жалпы студент саны – 541

Сессияны тапсыруға міндетті студенттер саны – 541

Емтихан тапсыруға жіберілген студенттер саны – 451 (83,3%)

Емтихан тапсыруға жіберілмеген студенттер саны – 51 (9,4%)

Келмегендер – 39 (7,2%). Оның ішінде себепті – 7 (1,3%) студент, себепсіз – 32 (5,9%) студент.

Тапсырған студенттер саны – 444 (82%)

Өте жақсы (А, А-) – 4 (0,7%)

Жақсы (А, А-, В+, В, В-) – 191 (35,3%)

Аралас (А, А-, В+, В, В-, С+, С, С-) – 249 (46%)

Тапсыра алмағандар немесе қанағаттанарлықсыздар – 7 (1,2%)

Оның ішінде:

Бір пәннен – 4 (0,7%)студент

Екі пәннен – 2 (0,3%) студент

Үш және одан да көп  - 1 (0,2%)студент

Университет бойынша үлгерім пайызы – 82%

Слайд № 11  Кешкі оқыту және дайындық факультеті бойынша 2017-2018 оқу жылының қысқы сессиясының және 2018-2019 оқу жылының қысқы сессиясының салыстырмалы үлгерім пайызы