Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім бөлімі

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім бөлімі

 

Университет 2017-2018 оқу жылында PhD докторлар мен магистр мамандарын даярлауға лицензия алуына байланысты университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен (2018 жылғы 25 мамырдағы №4-49 бұйрығы) «Докторантура және магистратура» бөлімі құрылды. 2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бөлімнің атауы «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі» болып өзгертілді.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі университеттің жоғары білікті ғылыми- педагогикалық кадрларды (PhD-докторанттар мен магистрлерді) даярлау жөніндегі ЖОО кафедраларының оқу үрдісін ұйымдастырушы құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бүгінгі таңда магистратура мен докторантурада мамандарды даярлау қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі бағыт бойынша жүргізіледі:

  • ғылыми-педагогикалық (магистратура үшін - 2  жылдық оқу, докторантура үшін – 3 жылдық оқу);
  • бейіндік  (магистратура үшін - 1; 1,5 жылдық оқу, докторантура үшін – 3 жылдық оқу).

PhD-докторанттар мен магистранттарды даярлау мемлекеттік білім гранттары мен келісім-шарттар негізінде жүзеге асырылады.

Білім алушылар университеттің материалдық базасын: физика, химия, экология зертханаларының жабдықтарын, компьютерлік сыныптарын, аудио және бейне аппаратураларын, кітапханалық қорын, спорт кешенін және ақпараттық-коммуникациялық техникаларын қолдануға мүмкіндігі бар.

PhD-докторанттарға ғылыми жетекшілік университет жетекші доценттері мен профессорларымен, алыс және жақын шетелдердегі жоғары оқу орындардың шетелдік кеңесшілерімен жүзеге асырылады. Докторантурада білім алу - докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысуы шетелдік жоғары оқу орындардың ғылыми кеңесшілерімен және білім беру ұйымдарымен бірлесе отырып жүргізіледі.

Магистратураның оқу бағдарламасы бойынша оқуын аяқтаған магистранттарға меңгерген  білім беру бағдарламасы бойынша «магистр» дәрежесі беріледі.

            PhD-докторантура бойынша білім алған докторанттар білім беру бағдарламасын аяқтаған мезгілде «философия докторы (PhD)» немесе «бейіні бойынша доктор» дәрежесін алады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің негізгі қызметі мен міндеті:

  • PhD-докторантураға және магистратураға білім алушыларды қабылдау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • докторантура және магистратураның білім беру бағдарламаларының ҚР МЖМБС бекіткен стандарт пен типтік оқу бағдарламаларына сәйкестігін қадағалау;
  • докторантура және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша академиялық күнтізбе дайындау;
  • кафедралардағы докторанттар мен магистранттардың  диссертациялық жұмыс­тары­ның, диссертациялық жобаларының тақырыптарының таңдауын, ғылыми жетекшілерін  тағайындалуын қадағалап, университет Ғылыми кеңесіне бекітуге ұсыну;
  • PhD-докторанттар мен магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өтуін қадағалау;
  • PhD-докторантура және магистратурада жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау;
  • Білім алушылар арасында жоғары деңгейлі оқу және еңбек тәрбиесін қамту, ұйымдастыру және қадағалау;
  • PhD-докторанттар мен магистранттарды даярлаушы кафедралардың оқу-әдісте­ме­лік жұмыстарын  ұйымдастыруын қадағалау;
  • кафедраларды PhD-докторантура және магистратура білім беру бағдарламалары бойынша оқу үрдісін реттейтін ішкі және сыртқы нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
  • PhD-докторанттар мен магистранттардың оқу жетістіктерін талдау;
  • PhD-докторанттар мен  магистранттардың педагогикалық және зерттеу практика­лары­ның өткізілуін ұйымдастыру және қадағалау.

 

Мекен-жайы және байланыс телефондары:

Шымкент қ. А. Байтұрсынов көшесі  №13, бас ғимарат 211 кабинет.

Тел: 8 (7252) 21-29-21

       723, 710 (ішкі телефондар)

       Эл.почта: dmb_okmpu@mail.ru