Жаңалықтар

2019 жылдың 24 қаңтар күні Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Жас ұрпақтың рухын көтеру» атты тақырыпта дөңгелек үстел  өтті.  Дөңгелек үстелге қаламыздағы №1 Дарын мектебінің оқушылары, оқырман қауым және кітапхана қызметкерлері қатысты. Дөңгелек үстелдің арнайы қонағы ретінде шақырылған ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Қ.С.Анарбаев Елбасы мақаласының мазмұны мен мәніне қатысты тарихи сананы жаңғыртатын тарихи деректік мағлұматтар мен ұлттық таным мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісті. Оқырмандар мен оқушылардың ұлттық рухқа қатысты сұрақтарына жауап беріп, жастарды биылғы «2019 –Жастар жылында» белсенді болуға шақырды. Іс-шара соңында жас ұрпақпен жүргізілген жұмыстарға кітапхана басшылығы ризашылығын білдіре отырып, Қ.С.Анарбаевқа алғыс хат тапсырды.

  

 

12.12.2018 жылы сағат 11-00  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті «Назарбаев орталығында» ЖОО ұстаздары мен студент жастарының Түркістан облыстық және Шымкент қалалық ардагерлер кеңестерінің мүшелерімен «Оңтүстіктегі рухани өзгерістер» атты тақырыпта кездесуі өтті.

Кездесу қонақтары жастарға тәуелсіздік жылдарындағы оңтүстіктегі рухани өзгерістер туралы кешегі тарихпен салыстырмалы түрде әңгіме өрбіте отырып, еліміздің рухани саласындағы жетістіктеріне қатысты құнды мағлұматтар берді.  Әсіресе, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловтың, Сайрам ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар және университеттің ардагер ұстаздарының аузынан айтылғандай бұл саланың үнемі Елбасы назарында болғаны, солай келе жатқанын дәлелді мысалдармен жеткізуі жастарға пайдалы болды. Соның ішінде еліміздегі, оның ішінде оңтүстікте өткен елді бірлікке мегзеген іс-шаралар мен ел көлеміндегі жүзеге асырылған «Мәдени мұра» бағдарламалары аясында атқарылған түрлі жұмыстардың рухани өзгерістерге ықпалы және Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының руханият үшін мәні мен маңызын қамти отырып айтылған қызықты ақпараттары студенттерді шабыттандырды.

Кездесу барысында студенттер руханиятты дамыту мен оңтүстіктегі осы жайттарға байланысты көкейлеріндегі көп сауалдарды аға буын өкілдеріне қоя отырып, өзіндік ұсыныстарын да қалыс қалдырмады. Кездесу барысында Сайрам ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Байназар Елбасы мақаласына орай өзінің жүрекжарды өлеңін жиылған көпшілікпен бөлісті.

 «Ден қояйық Елбасының хатына,

«Жеті қыр» деп қойылыпты аты да,

Мазмұнына тереңірек үңілсек,

Кереметке жетелейді заты да.

 

Елбасының мақаласы ғаламат,

Талдап көрсең ойға салып саралап,

Тарихымыз тұнып тұрған шежіре,

Еске алып көріп шықсаң аралап.

 

«Жеті қырдан» жеткізейік халыққа,

Қарамастан қиындыққа нарыққа,

Риза болып Елбасыдай алыпқа,

Ұмтылайық өркениет пен жарыққа» -деп жастарды шабыттандырған аға ұрпақ өкілдеріне  студенттер де руханиятты байытар туындыларын сыйға тартты. Кездесу екі жаққа да пайдалы өткені осыдан да байқалып тұрды.

  

 

2018 жылғы  23 қараша күні Қазақстан Республикасы Қоғамдық  даму министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласында Қазақстан дінтанушыларының «Қазақстан қоғамның рухани қауіпсіздігі: тәжірибесі мен келешегі» атты VIII форумы өтті. Аталған іс-шараға ОҚМПУ-тің «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы қатысты. Іс-шара барысында Анарбаев Қайрат Сапарханұлы «Алғыс хат»-пен марапатталды.

 

2018 жылдың  қараша  айының 1-не  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  Филология факультетінің  «Ағылшын тілі» кафедрасының ұйытқы болуымен  «Ұлттық сана – ұлттық бірегейлікті сақтаудың негізі: Бүгінгі қыз - ертеңгі келін» атты  тәлімгерлік сағат өтті. Іс – шараға Шымкент қаласы, Абай ауданы әжелер алқасының төрайымы Хамитбекова Бибіфатима Сұлтанбекқызы, Қазығұрт шағын ауданының «Асыл әжелер тобы» (Жетекшісі: Бақбаева Гүлбараш, Музыкалық жетекшісі:  Сағындықов Бөгенбай, Жайынова Қарлығаш,  Бердіқожаева Сауле, Ешмуратова Зейнегүл, Дәрменова Райхан,  ОҚМПУ «Рухани Жаңғыру» бөлімінің басшысы  Анарбаев Қайрат, «Ағылшын тілі» кафедрасы меңгерушісі Сманова Ғ.І., Жекебаева Р.Д., Ибрагимова Т.А., Абдукаримова А.А., Дильдабекова А.К., Бейсенбаева Ж.А., Бексеитова А.Б., Абдуалиев Т.М., Джошуа Дуфо және  студенттер қатысты.  Тәлімгерлік сағат барысында студенттер халқымыздың қыз – бала тәрбиесіне қатысты дәстүрлерінен және қанатты сөздерінен мол мағлұматтар алды. Іс – шара барысында қонақтар сахналық қойылымдар мен әндер шырқады. Кездесу барысында аға ұрпақ өкілдері  бүгінгі қыз-бала тәрбиесіндегі олқылықтардың ұлттық тәрбиеден алшақтаудан және жастардың қоғам назарынан тыс қалуынан келіп жатқанын студенттерге түсіндірді. Сонымен бірге бүгінгі қоғамдағы қазақ қызының қандай болуы керектігі, қоғамдық ортада өзін қалай ұстауы туралы өз ойларымен бөлісті.

  

 

2018 жыл қараша айының 1 – күні Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, қазақ  күресінен, самбодан, дзю-додан спорт шебері Азияның екі дүркін чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Рио- де-Жанейрода өткен параолимпиадаға қатысушы ‟Рухани жаңғыру” бағдарламасы бойынша республикадағы «100 жаңа есім» иегері Орынбасар Құралбаймен ОҚМПУ студенттер арасында кездесу өтті. Құралбай мырза Елбасымен арада болған  кездесу және алған әсерлері туралы зор мақтаныш сезімдерге толы естеліктер айтты. Кездесу барысында студенттер тарапынан қызықты сұрақтар қойылды. Қонақ студенттер рухын көтеріп, спортпен шұғылданып үлкен жетістіктерге жетуге шақырды. Кездесу кезінде студенттер жақсы әсер алды.

  

 

2018 жылдың 20 қазан күні Шымкент қаласындағы «Қайтпас 1» мөлтек ауданында орналасқан №53 жалпы орта  мектептің  50 жылдық мерей тойына орай мерекелік іс-шара өтті.

ОҚМПУ  «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, т.ғ.к. Анарбаев Қайрат Сапарханұлы арнайы баяндама жасады. Іс – шара барысында Қайтпас елді мекенінің тарихына қатысты «50 жаңа – Ел жаңа» кітабының таныстырылымы өтті. Аталған кітапта ғылыми сана мен өлкетану құндылығы жайлы.

     

 

2018 жылдың 8-9 қазан күндері Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қабырғасында «Рухани жаңғыру» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес  «Дене тәрбиесі» кафедрасы  «Ұлттық спорт – қазақ намысының қайнары»  атты  дәстүрлі ұлттық спорт түрлерін жаңғырту бойынша студенттер арасында тоғызқұмалақтан спорттық сайыс өткізді.

 Жарыстың мақсаты: ұлттық спортты насихаттау, жастардың ойынға деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады. Жарыстың нәтижесінде төмендегі студенттер өздеріне тиесілі орындарын алды.

1-орын Дене шынықтыру және спорт мамандығының 1-курс студенті Тұрғынбекова Гүлден

2-орын Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4-курс студенті Қалхозбек Нұрбол

3-орын Дене шынықтыру және спорт мамандығының 4-курс студенті Рысбеков Олжас ие болды.

  

 

2018 жылдың 26 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қабырғасында Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі мен ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының бірлескен іс- шарасы өтті.

Іс-шарада Қазақстан қоғамының ұлттық идеологиясы үшін, соның ішінде жастар тәрбиесінде ерекше маңызға ие Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласының мазмұны мен маңызы түсіндіріліп, осы бағытта бір жылдан аса уақыт жұмыс жасап келе жатқан өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің атқарған жұмыстарымен жастарды таныстыру мақсатындағы «Ашық есік» онкүндігі ОҚМПУ-дан бастау алғаны жария етілді.

«Ашық есік» күніне университет студенттерімен бірге қаладағы ЖОО өкілдері мен студенттері де қатысты. Іс-шара барысында ЖОО жаңа келген студенттер, әсіресе шетелдік азаматтығы бар жастар бағдарламалық мақаланың мазмұны туралы кең, ауқымды мағлұматтар алды. «Ашық есік» күндерінің басталуында студенттер мен қонақтар ЖОО-да жаңадан ашылған «Рухани жаңғыру» алаңы және «100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде қазақ тіліне аударылған «жаңа оқулықтар» залымен танысып, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің тарапынан атқарылған жұмыстар және өңірдегі Цифрлы Қазақстан бағдарламасына орай жүзеге асыру іс-шаралардың барысымен де танысты.

Іс-шараға қатысқан Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі Б.Әшірбеков, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы» университетінің тәрбие істер жөніндегі проректоры  Б.Садықов, «Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар Достығы» университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент  Ш.Нартбаев, ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, т.ғ.к. Қ.Анарбаевтар тарапынан студенттерге мақала мазмұнын түсіндіру, «рухани жаңғыру» бағытында өңірде және ЖОО-да атқарылып жатқан жұмыстар туралы толыққанды мағлұматтар берілді. Іс-шара қорытындысында ОҚМПУ-да атқарылып жатқан жұмыстар тәжірибесін басқа ЖОО бөлісу және еліміздің ертеңі саналатын барлық ЖОО студенттерінің бірлескен іс-шараларға атсалысуы мен ғылыми жобаларға қатысуы керектігінің маңызына байланысты тоқтамдарға келді.

 

ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығы басшысы, т.ғ.к. Анарбаев Қ.С. қонақтарды «Рухани жаңғыру» алаңымен таныстыруда.   

«100 жаңа оқулық» залында студенттермен қазақ тіліне аударылған жаңа кітаптар туралы емен-жарқын әңгіме өрбіді.   

Түркістан облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсе жетекшісі Б.А.Әшірбеков бағдарламалық мақала мазмұны мен өңірдегі атқарылған жұмыстар туралы мағлұматтар беруде.

ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығы басшысы, т.ғ.к. Анарбаев Қ.С.

 

Бүгінгі Қазақстан қоғамының ұлттық идеологиясы үшін, соның ішінде жастар тәрбиесінде ерекше маңызға ие Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық мақаласынан туындайтын бағыттарды орындау мақсатында кезекті бір игілікті іс-шара 2018 жылдың 3 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық универсиеті қабырғасында өтті. Өңірде алғаш болып ЖОО жанынан жастарға арналған «Рухани жаңғыру» алаңы бой көтеріп, университеттегі «Білім күніне» арналған салтанатты жиынға келушілердің алдында тұсауы кесіліп, есігін айқара ашты.

Университет ұстаздарының өзіндік игілікті бастамасымен жүзеге асқан жоба елімізде, өңірімізде және ЖОО – да «Рухани жаңғыру» бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы көрген кісіге мол мағлұматтар бере алады. Алаңның безендірілуі мен жарықтандырылуына ЖОО басшылығы үлкен қолдау жасады. Салтанатты жиын барысында болашақта да бұл игі бастамаға басшылық тарапынан қолдаулар өз жалғасын табатынын университет ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, п.ғ.д., профессор Оңалбай Аяшев айтып өтті. Қазіргі кезде алаң аумағында студенттер үшін 24 сағаттық интернет желісі жұмыс жасап, түнгі мезгілдерде толықтай жарықпен қамтылған. Жиынға қатысушылар тарапынан ашық аспан астында орналасқан алаңның жастардың «рухани жаңғыру» бағытындағы жұмыстарына таптырмас орын болатынына мол сенім білдірді. «Рухани жаңғыру» алаңының тұсаукесеріне Түркістан облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Мәуленқұлов, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы, қоғам қайраткері М.Байғұт, К.Симонов атындағы сыйлықтың иегері, жазушы Н.Бегалиев және т.б. ардагер ұстаздар, ЖОО профессор-оқытушылары және студенттер қауымы қатысты.

ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығы басшысы, т.ғ.к. Анарбаев Қ.С.