Білім-ғылым

2018 жылдың қараша айының 7 күні Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің мәжіліс залында «Қазіргі заманғы саяси және мәдени кеңістіктегі өнер мен білім» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Ғылыми-тәжірибелік конференцияны педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Аяшев Оңалбай Аяшұлы ресми түрде ашты. Келген қонақтарға «Ұлы Дала елі - өркениеттер тоғысында (б.э.д.100 мын жыл –б.э.ХІІ ғ.)» атты Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің Археологиялық жасағының көрмесімен (1-қабат, холл) және де университет ұстаз-ғалымдары мен студенттерінің ғылыми жетістіктері көрмесімен таныстырды (холл). Секциялық мәжіліс барысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Мырзакелді Кемел «Цифрлы технология – жаңаша өрлеу жолы» атты тақырыбында өз баяндамасымен бөлісті. Сонымен қатар, ОҚМПУ университетінің «Рухани жаңғыру» орталық басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты Анарбаев Қайрат Сапарханұлы «Отандық тарихты оқытуды ұлттық таным тұрғысынан қолға алудың кейбір мәселелері» атты тақырыбында баяндама оқыды. Және басқа да баяндамалар оқылды.