"100 жаңа есім"

3 қазан  2018 жылы ОҚМПУ студенттері  «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының мәжіліс залында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «100 жаңа есім»  жобасына таңдалған тұлғаның бірі  қазақтың ұлттық зияткерлік спортының қазіргі жарық жұлдызы  - тоғызқұмалақтан әлемнің 7 дүркін чемпионы Әсел Далиевамен өткен кездесуге қатысты. Кездесуге Шымкент қаласы мәдениет басқармасынан, «НұрОтан» ХДП Әл-Фараби аудандық филиалынан, зиялы қауым өкілдері, ЖОО және колледж, орта мектептердің ұстаздары, студенттер мен оқушылар қатысты. Іс-шара барысында ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы, т.ғ.к. Анарбаев Қ.С. жастарға ұлттық ойынның тарихына қатысты қызықты деректер айтты. Ғалым өз сөзінің қорытындысында жиылған көпшілікті болашақта ұлттық ойынның философиясы мен тарихына қатысты деректерді жаңаша зерделеуге шақырды. Сонымен бірге чемпионы Әсел Далиеваның шәкірті, тоғызқұмалақтан жастар арасында әлем чемпионы атағының иегері, университеттің 108-26 тобының студенті  Лина Каримова  кездесуге келген мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне шеберлік сағаттарын өтті.