Бейнеролик

«ОҚУ ОРДАМ – МАҚТАНЫШЫМ»   бейнероликтер байқауының  ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1. Осы ереже «Оқу ордам – мақтанышым» бейнероликтер байқауының (бұдан әрі - Байқау) мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртіптері мен шарттарын және қаржыландыру көзін анықтайды.

1.2. Байқау 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жариялануына орай өткізіледі;
1.3. Байқауды ұйымдастырушылар: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.

 

2. Байқаудың мақсаты мен міндеттері

 

2.1. ЖОО арасында бір-бірін жақсы тану, ерекше тұстарын ашып көрсету.

2.2. Студенттердің тематикалық бейнероликтерді түсіру дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қызметінің позитивтік бағытын насихаттау;

2.3. Жастарды медиашығармашылыққа еліктіру және назарын аудару.

2.4. Бейнеролик авторлары куәгер болған қызықты және күлкілі оқиғалар туралы ақпаратты тарату.

2.5. Ой-өрісін кеңейту, байқампаздықты, эстетикалық талғамды, қойылған талаптарды шешуде шығармашылық тәсілдемені қолдануды дамыту.

 

3. Өтінім беру және байқауды өткізу мерзімі

3.1. Байқау 2019 жылдың наурыз айында өткізіледі;

3.2.Байқауға қатысу үшін өтінім беру уақыты – 2019 жылдың 20 наурызына  дейін.

 

4. Байқау шарттары

4.1 Байқауға республикалық ЖОО кез-келген студент қатыса алады. Жұмыс тек жеке түрде ғана емес, ұжымдық түрде болуы да мүмкін.

4.2 Байқауға қатысу үшін байқаудың мақсаты мен міндетінде қойылған талаптарға сәйкес бейнеролик дайындау қажет.

4.3 Байқауға тек берілген тақырыптағы авторлық жұмыстар қабылданады, байқау қатысушысына тиесілі емес жұмыстар қабылданбайды.

4.4 Байқаудың қазылар мүшесі қатысушыларды бағалау кезінде ескереді:

Бейнероликтің байқау тақырыбына сәйкес келуі;

- Шығармашылық жаңалық;

- Ерекшелік;

- Бейнеәсердің, дыбыспен сүйемелдеудің болуы;

- Жалпы эмоциялық қабылдануы:

- Оқу ордасының барлық керемет тұсын сипаттауы, ерекшеліктерін көрсетуі;

- Креативті идея жоғары бағаланады.

- байқау жұмысы AVI, FLV форматында CD/DVD дисілерінде (уақыты 7 минуттан аспайтын) электрондық мекенжайға жолданады7

 

4.5. Жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына автордың өзі (қатысушы ұжым) жауап береді.

4.6. Автор байқауға жіберген жұмыстарын автоматты түрде ұйымдастырушыларға қолдануға құқық береді (интернет желісіне, телебағдарламаларға жариялау, шығармашылық жобаларға қатысу және т.б.).

4.7. Бейнероликтер қаланың ОҚМПУ-дың ЛЭД-экрандарында және әлеуметтік желілердің танымал пабликтерінде көрсетіледі.

4.8. Қатысушылар өтінімдері мен бейнероликтерін ОҚМПУ-дың okmpu_konkurs@mail.ru электронды поштасына 2019 жылдың 20 наурызына дейін төмендегідей түрде беруі тиіс:

 

Аты-жөні

Туған жылы, айы, күні

ЖОО атауы

Бейнеролик атауы

Байланыс телефоны

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша: Бейнеролик қоса жолдануы шарт

 

5. Байқауды ұйымдастыру комитеті

5.1. Байқауды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды қазылық ету қызметі бар ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады;

5.2 Ұйымдастыру комитеті талдау жасайды, бағалайды, үздіктерді анықтайды және байқау жеңімпаздарын марапаттауды ұйымдастырады, қорытындыны --------------------------редакторлары шығарады;

5.3 Ұйымдастыру комитеті қосымша номинациялар мен арнайы сыйлықтар беруге құқылы.

        6. Марапаттау

Сыйақы қорын байқауды ұйымдастыру комитеті қамтамасыз етеді.

1-орын – қаржылай сыйлық

2-орын – қаржылай сыйлық

3-орын – қаржылай сыйлық

Ынталандыру сыйлығы – 5-7 адам

Байқау жеңімпаздары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Байқау қортындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат БАҚ арқылы беріледі.

7. Қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары мына мекенжайда қабылданады:
       Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі 13, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті.

Байланыс телефондары: 8747 397 34 77 Мұсабаева Айсұлу

Электронды пошта: okmpu_konkurs@mail.ru