Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті
«Жастар шырқайды» республикалық эстрада ән байқауы
«Жастар шырқайды» облыстық эстрада ән байқауының ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша байқау эстрада бағыты бойынша өтеді.
Конкурс 2019 жылдың 15-16 мамыр аралығында Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде өтеді. Конкурсқа қатысу өтініштерін ұйымдастыру комитеті 2019 жылдың
1 мамырына дейін қабылдайды.
Конкурста келесі сыйлықтар анықталған:
1) Бас жүлде (Гран-при) - ОҚМПУ ректорының гранты
2) 1 орын (біреу) – қаржылай сыйлық
3) 2 орын (біреу) – қаржылай сыйлық
4) 3 орын (екеу) – қаржылай сыйлық
5) «Арнайы жүлде» дипломы,қаржылай 5(бес) сыйлық
6) Номинациялар бойынша арнайы дипломдар мен сыйлықтар.
Байқаудың жалпы сипаттамалары:
Конкурсқа арнайы ( облыс,аудан,қала) 16-20 жас аралығындағы мектеп оқушылары және ЖОО, колледж студенттері, 25 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Қатысушылардың жол, тамақ шығындарын жіберуші тарап немесе қатысушының өзі төлейді. 15 мамыр – қатысушыларды тіркеу күні.
15-16 мамыр байқау өткізіледі.
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
1. Патриоттық ән
2. Еркін тақырып
II. Байқаудың шарты:
- Талапкер орындайтын әндерін қазақ тілінен басқа да тілдерде орындауына болады;
- Байқауға қатысушы талапкер өтінішімен бірге ұйымдастыру алқасына минидискіге жазылған фонограммасын (минусын) тапсыруы тиіс;
- Орындалатын әннің ұзақтығы 4-5 минуттан аспауы керек;
- Іріктеу турынан өте алмаған талапкерлер ақтық сайысқа жіберілмейді;
- Үміткерлердің сахнаға шығу реті арнайы өткізілетін жеребе тарату негізінде белгілі болады;
- Байқауды кәсіби мамандардан құралған қазылар бағалайды.
Қажетті құжаттар:
- Жеке куәлігі (көшірмесі);
- Фото сурет;
- Оқу орнынан құжат.
Сондай-ақ, лауреаттар қаржылай сыйлықтарды конкурсты ұйымдастыру комитеті белгілеген жерден алады.
Конкурсқа қатысу үшін материалдарды келесі мекенжайға жолдау қажет:
Шымкент қаласы, Оңтүстік Қазақстан мемлекттік педагогикалық университеті. А. Байтұрсынов көшесі, 13.
Байқау номинациялары жөнінде толық ақпарат алу үшін Ұйымдастыру комитетіне хабарласу керек.
Байланыс телефондары: Тәжі Айгерім Бақытқызы; тел: 8 775 095 09 05
Диана Нұрәліқызы, тел. 8 747 158 46 06
Электронды пошта: <d.nuralievna@mail.ru>
Ұйымдастырушы:
- Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті;
- ОҚМПУ Мәдениет бөлімі.
VI. Ескертулер
- Байқауға қатысушы үміткердің шығыны байқауға жіберушілер тарапынан төленеді;
- Өтініш белгіленген мерзімнен кешікпеуі тиіс;
- Қазылар алқасы әннің орындауына, сахналық мәдениеттілігіне, костюміне мән береді.