Сәндік өнер

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті

2019 ж.  «Жастар жылына» арнап студенттер арасында 16-17 қазан  күндері өтетін республикалық конкурс жариялайды.

«Қолөнер – сырлы өнер» атты сәндік өнер  байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Конкурстың  мақсаты:

  • жас ұрпақты рухани мәдениетке тәрбиелеу;
  • жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеу;
  • дарынды жастарға қолдау көрсету  
  • жас талант иелерін анықтау;

Конкурстың  жанрлық сипаттары:

Конкурс  төмендегі сала бойынша үміткерлерді қабылдайды:

* Конкурсқа қатысушы жас қолөнер шеберлері   бұйымдарының көрмесі.

* Қол өнер түрлері бойынша (апликация, коллаж, жүн, мата, жіп, ағаш және былғары, темір  материалдары таңдау бойынша)

 

Конкурстың  талаптары:

1. Конкурс  2019 ж. 16-17 қазан күндері сағат 11.00-де Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде (Шымкент қ, А.Байтұрсынов көшесі, 13) өтеді.

2. Конкурсқа қатысу құжаттары  2019 жылы 1 қазанға дейін қабылданады.

3. Конкурс ОҚМПУ тарапынан ұйымдастырушылары жасаған ереже бойынша өткізіледі.

4. Конкурсқа жоғары оқу орындары және колледж суденттері қатыса алады.

5. Конкурста әр студент өзі таңдаған өнер саласы бойынша «Қолөнер-сырлы өнер» тақырыбында бір шығармадан орындайды.

Байқау жеңімпаздарына демеушілер тарапынан арнайы жүлделер қарастырылған.

             Жеңімпаздар үшін келесі орындар белгіленген:

  Бас жүлде – біреу

  І орын – біреу

  ІІ орын – біреу

  ІІІ орын – біреу

 Ынталандыру сыйлығы – бесеу

Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

 

Конкурстың қаржылық мәселелері:

Конкурстың ұйымдастыру шараларына қажетті  барлық қажетті құралдар қатысушылар  тарапынан шешіледі.

 Конкурсқа қатысушылардың жол шығыны, тамақтану, қонақжайы жіберуші немесе қатысушы тарапынан жүзеге асырылады.

 

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылатын құжат:

            1. Қатысушының өтініші

            2. Орындайтын бағдарламасы

 

Құжаттар мына мекенжайда қабылданады:

160000, Шымкент қаласы,

А.Байтұрсынов көшесі, 13

ОҚМПУ, Сәндік өнер бөлімі.Тел.: 8-778-267-06-88,  gumi.8080@mail.ru