Мүшайра

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің  ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында 2019 жылдың 4 желтоқсанында өткізілетін «ДАРЫН ТОЛҒАУЫ» атты жастар арасындағы республикалық жазба ақындар мүшәйрасының

 Е Р Е Ж Е С І

I  Мүшәйраның мақсаты:

  •  Жастардың бойындағы отансүйгіштік қасиетті арттырып, туған даласына, туған тіліне, өз ұлтының рухани қазыналарына деген көзқарастары мен сүйіспеншіліктерін қалыптастыу;
  •  Шарттар мен талаптар арқылы оларға табиғат сыйлаған ақындық дарын-қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік жасау;
  •  Егеменді еліміздің жастарын биік адамгершілікке, жеке тұлға етіп қалыптастыруға, болашағын бағамдай алуға тәрбиелеу;
  • Бәсекеге қабілетті жастардың бейнесін насихаттау. 

II Мүшәйраның шарттары мен талаптары:

  1.  Өлеңдер мен өтініштер 2019 жылдың  23 қарашасына дейін қабылданады.
  2. Мүшәйраға қатысатын ақындар 2 тақырыпта өлең жіберуі міндетті.
  3. Ұсынылатын конкурстық жұмыстардың тақырыбы шектелмейді.
  4. Конкурсқа 16-дан 35 жасқа дейінгі автор қатысуға құқылы.
  5. Конкурс аясында авторлардың 2018 жылға дейін жарияланған шығармалары қарастырылмайды.
  6. Автор конкурсқа қатысу үшін жұмысты жібере отырып: 
  • осы жұмысқа авторлық құқықтың болуына кепілдік береді; 
  • ұйымдастырушының туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, интернет-ресурстарда жариялауына рұқсат береді.
  1. Мүшәйраға мәтін көлемі 7 шумақтан кем емес (А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта) жұмыстар жіберіледі.
  2. Авторлар өлеңдері мен өзі туралы мәліметті басып шығарылған түрде, сондай-ақ CD-дискіге немесе флеш-жинақтауышта мына мекенжай бойынша: Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, №13 үй, индекс 160012, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, «Дарын толғауы» деген белгімен жазылып жіберіледі. 
    •  
  • Ұйымдастырушы алқаның электронды мекенжайы akjaiyk_91@mail.ru.
  • Мүшәйраға қатысушы жастардың толық аты-жөні, оқу орны немесе жұмыс орны, туған жылы, айы, күні.
  • Мекенжайы, байланыс телефондары.

III Мүшәйраның қазылар алқасы:

  1. Мүшәйраның жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.
  2. Конкурсқа әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
  3. Бағалаудың негізгі критерийлері: өлеңнің ұйқасы мен мағынасы, тақырыптың маңыздылығы мен толығымен ашылуы, ойдың дербестігі.

Қосымша ақпарат алу үшін:

8701-424-31-14; 8702-824-99-01 Жаппарқұлова Анар