Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімі

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімі

Айтбаева Айгуль Ергеновна

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік  қамтамасыздандыру бөлімінің басшысы, а.ш.ғ.к., доцент

Еmailaitbaevaaigul@mail.ru

Тел 8 701 610 17 36

Мекен-жайы: Шымкент қ, А.Байтұрсынов 13

Бас ғимарат 2 қабат 218 кабинет

 

 

 

 

 

Егембердиева Алтынай Ильясовна

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімінің әдіскері: Еmail: okmpu_praktika@mail.ru

Тел: 8 707 876 07 17

Мекен-жайы: Шымкент қ, А.Байтұрсынов 13

Бас ғимарат 2 қабат 218 кабинет

 

 

 

Білім беру бағдарламаларын әдістемелік қамтамасыздандыру бөлімі (ары қарай-ББӘҚБ) Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, оқу-әдістемелік басқарманың  дербес құрылымдық бөлiгi болып табылады. БӘҚБ университет ректорына және оқу және оқу–әдістемелік істер жөніндегі проректорына, оқу-әдістемелік басқарма басшысына бағынады.

Бөлім төмендегідей қызметтерді орындайды:

  • Факультет, кафедра бойынша оқу жылындағы жоспарланған оқу-әдістемелік жұмыстардың  орындалуын қадағалайды және  жиынтық ақпарат жасайды;
  • Университеттің оқу - әдістемелік кеңесі құзыреті шегінде қажетті материалдарды дайындайды;
  • Оқу-әдістемелік жұмысқа қатысты ішкі нормативтік құжаттарды әзірлейді;
  • Сапа менеджменті жүйесінің құжаттарын дайындайды. ҚР басқа ЖОО-ның озық тәжірбелерімен танысады және қолданады;
  • Факультеттердегі, кафедралардағы оқу-әдістемелік және пән кешендеріне қатысты құжаттардың дайындалуын кадағалайды;
  • Оқытушы профессор құрамының “Универ” жүйесіне пән кешендерін қоюын қадағалайды;
  • Білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды әдістемелік қамтамасыздануын қадағалайды.
  • Оқу-әдістемелік жұмыстар бойынша факультеттерден жинақталған жылдық есептер негізінде университеттің жылдық есебін дайындайды.
  • Мастер – кластар, әдістемелік семинарлар  өткізуді ұйымдастырады және тәжірибені таратуды жүзеге асырады;
  • Білім алушыларға, оқу-білім беру қызметтердің өз уақытында және сапалы түрде көрсетілуін реттейді және бақылайды;
  • Кәсіптік практика ұйымдастырылуы мен өткізілуі, университет пен практика өткізілетін мекемелер  арасында  құжаттар сәйкес болуын қадағалайды
  • Кәсіптік практика келісім шарттарын тіркейді
  • Маман шығарушы кафедралардың кәсіптік практика бағдарламаларының уақытылы қаралып, келісіп, бекітілуін кадағалайды;
  • Кәсіптік практика жетекшілерінің есебін қабылдайды, кафедра, факультеттердің есептерін біріктіріп, қорытындылайды және олардың енгізген пікірлерін жетілдіреді;
  • Кәсіптік практика жайлы қорытынды жасайды, университеттің Ғылыми кеңесінде жылдық есепті талқылауға мәлімет береді.