Профессор-оқытушылардың рейтинг көрсеткіші ашық ғылыми кеңесте қорытындыланды

09.09.20

ОҚМПУ профессор-оқытушылардың   2019-2020  оқу жылындағы  рейтингін  анықтау жұмыстары ашық ғылыми кеңесте қорытындыланды. Рейтингі жоғары  10 оқытушы-профессорлар анықталды.                                                                                   

 Бірінші ондыққа кірген оқытушылардың рейтинг көрсеткіші 2018-2019 оқу жылында ең жоғары 1094  балл болса, биылғы жылы 1183,5 балл болды.

 Олардың ішінде математика кафедрасының профессоры, ф-м.ғ.к Иманбаев Нұрлан Сайрамұлы, физика кафедрасының доцент м.а. Абдрахманова Хадиша Кеңесовна (857,35 ден 1132,5 ұпайға дейін), химия кафедрасының профессор м.а. Мадыбекова Ғалия Муталиевна (589,588 ден 945 ұпайға дейін) рейтингісі 2 жыл бойы жоғары көрсеткіштерте тұр.

Рейтингтің жалпы ұпайы бойынша 1-орынды «Физика-математика» факультеті, 2-орынды «Жаратылыстану» факультеті, 3-орынды «Тарих және педагогика» факультеті иеленді. Кафедралар арасында рейтингтің жалпы ұпайы бойынша 1-ші орынды «Педагогика» кафедрасы, 2-ші орынды «Физика» кафедрасы, 3-ші орынды «Химия»  кафедрасы иеленді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша: Web of Science, Scopus базаларында тіркелген импакт-факторы жоғары ғылыми басылымдарында шыққан мақалалар саны, алыс және жақын шетелдік, ҚР БжҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған тізім бойынша отандық басылымдарда шыққан профессор-оқытушылардың мақалалар саны 2019-2020 оқу жылында жоғары көрсеткішке жетті.

   ОҚМПУ бойынша Web of Science, Scopus, Elsevier базаларындағы ғылыми журналдар мен жинақтарда  ОПҚ  мақалаларының  саны  72.