Аурудан сақтану жолдарын үйретті      

10.11.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттер үйінде дәрігерлер вирусты аурулардың алдын алу мақсатында лекция оқыды. Медицина қызметкерлері қолды дұрыс жуу және оны арнайы сұйықтықпен тазарту тәсілдерін көрсетті. Шағын топпен тыныс алу гимнастикасын жасады. Қазір жатақханада 60 студент пен оншақты қызметкер тұрып жатыр. Студенттер үйіне орналасқандар шалғай ауылдар мен интернет желісі жоқ елді мекен балалары. Олар мұнда кітапхана мен компьютер сыныбын еркін пайдалана алады. Сондай-ақ медициналық кабинет те жұмыс істейді.