Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2021 жылдың 6 қаңтарындағы №14-4/23ВН хатына сәйкес Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде оқыту сапасын қамтамасыз ету мақсатында 1, 2, 3 курстың төменде көрсетілген білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына көктемгі семестр аралас оқыту форматында жүргізіледі (семинар, практикалық, лабораториялық сабақтар-оффлайн, лекциялар-онлайн):
-1-курс, бакалавриат пен магистратураның барлық білім беру бағдарламалары бойынша;
-2-курс, «6В01402 Дене шынықтыру және спорт мұғалімін даярлау», «6В05101 Биология», «6В02101 Дизайн» білім беру бағдарламаларына;
-3-курс, «5В010800-Дене шынықтыру және спорт», «5В042100-Дизайн», «5В060700-Биология» білім беру бағдарламаларына.
Қосымша ақпарат 2021 жылдың 11-15 қаңтар күндері аралығында тиісінше факультеттің деканаты тарапынан хабарланады.