Басшылық

Мамаев Кайрат Серикбаевич

филология  ғылымдарының кандидаты

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі басшысы

 

Мамаев Қайрат Серікбайұлы 05.05.1967 жылы Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы), Ленин ауданы (қазіргі Қазығұрт), Қызылдала ауылында туған. Білімі - жоғары.

1974-1982 жылдары Қызылдала сегізжылдық мектебінде, 1982-1984 жылдары Ленин ауданы Фогелево (қазіргі Рабат) ауылында орта мектебінде білім алған.

1984 жылы Шымкент педагогика институтына Физика-математика факуль­тетіне Математика-физика мамандығы бойынша 1-курсқа оқуға қабылданған.

1985-1987 жылдары КСРО Қарулы күштері қатарында қызмет еткен, әскери шені - запастағы сержант.

1987-1991 жылдары Шымкент педагогика институтында оқуын жалғастырып, «Математика, информатика» мамандығы бойынша үздік бітірген.

1991-1992 жж. Шымкент педагогика институты «Алгебра, информатика және есептеуіш техника» кафедрасының бағдарламалаушысы, лаборатория меңгеру­шісі, оқытушысы,

1994-1997 жж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) Жаратылыстану-гуманитарлық институтының 10.02.21-құрылымдық, қолданбалы және математикалық лингвистика мамандығы бойынша профессор Қ.Б.Бектаевтың жетекшілігінде күндізгі бөлім аспиранты, 1997-1998 жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент бөлімі «Информатика және есептеуіш техника» кафедрасының оқытушысы, 1998 жылдан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент институты «Бағдарламалау және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушы­сы, 2002-2003 жылдары Есептеу орталығының меңгерушісі, 2004-2007 жылдары сырттай оқу факультеті деканының орынбасары, 2007-2008 жылдары магистратура бөлімінің меңгерушісі, 2008-2011 жылдары Академиялық инновациялық универ­ситет­те Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

2009 жылдың 26 ақпанында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Д14.09.04 диссертациялық кеңесінде 10.02.02 - Қазақ тілі мамандығы бойынша «Лексикалық бірліктерді лингвостатистикалық талдау (бастауыш сыныптың «Ана тілі» оқулығы мен хрестоматиясы бойынша)» атты тақырыптағы кандидаттық диссертациясын п.ғ.д., профессор Г.Ғ.Еркебаева­ның жетекшілігінде қорғаған.

2011-2013 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институ­ты­ның Инновациялық технологияларды ендіру жән ақпараттық-сараптама орталы­ғы­ның бастығы қызметінде болған.

2013-2020жж. Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті Оқу және инновациялық технологиялар жөніндегі проректоры қызметін атқарған.

Қ.Мамаевтың 1 – монографиясы, 45 – ғылыми және 14 – оқу-әдістемелік мақаласы, 10 – оқу құралы, 3 – оқу-әдістемелік құралы, 4 – әдістемелік құралы, барлығы 77 еңбегі жарық көрген.

ҚР БҒ министрінің «Құрмет грамотасымен» (04.10.2012ж.), «Алғыс хатымен» (15.12.2017ж.), «Ы.Алтынсарин» (30.08.2017ж.),төсбелгісімен марапатталған.

Сапа менеджменті жүйесі бойынша Түркия республикасы Стандарт институтының, «Сапаконсалтинггрупп-НС», ҚР БҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ, БСҚА «Ұлттық сарапшысы» сертификаттарының иегері.

Жалпы еңбек өтілі – 36 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі – 29 жыл.

Жанұялы. 3 баланың әкесі.