Ұлттық бірліктің жарқын көрінісі

25.03.21

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті  Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі және ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Әз-Наурыз – ұлттық сананың, ұлттық бірліктің жарқын көрінісі» атты  пікірсайыс турнирін өткізді. Жоғары оқу орындары арасында өткен қалааралық сайысты оқу ордасының жастар саясаты бөлімі мен "Болашақ" пікірсайыс клубы ұйымдастырды. Оған шымкенттік пікірсайысшылармен бірге Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Павлодар, Алматы және Түркістан облысының  командалары қатысты.