Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық

06.04.21

 

ОҚМПУ-де  "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген оқулықтарды пәндер негізінде  оқу үрдісіне енгізу,  әдебиеттер тізімін толықтыру» тақырыбында семинар өтті.  Басқосуда филология кафедрасының  меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Динара Байғұтова  гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақшаға аударылып, студенттерімізге  дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуына мүмкіндік бергенін айтты. Сондай-ақ  оқулықтарды қазақ тіліне  аудару барысында  Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары білім беру орындарымен тығыз әріптестік орнатқанын, қазақ тілі халықаралық ғылыми лексикамен байып, ғылыми терминологияны дамытуға, академиялық жазу стилін жетілдіруге, қазіргі ғылыми зерттеу және баяндау әдістерін игеруге негіз болғанын  айрықша атап өтті. 
Семинарда кафедраның аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ұлбала Қайырбекова, кафедра доценті, ф.ғ.к. Р. Кажиакбарова жаңа оқулықтарды бағдарламаға енгізу тәсілдері және  жарық көрген кітаптардың маңыздылығы тақырыбында  баяндама оқыды.