ОҚМПУ жастары ішкі туризмді қолдайды

06.04.21

 

ОҚМПУ-нің  бір топ белсенді жасы түркі әлемінің рухани ордасы  Түркістан шаһарына саяхаттап қайтты.  Сапар барысында олар Арыстан баб, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті.  Сондай-ақ, Түркістанның жаңа келбетіне  сән берген “Керуен сарай” және өзге де көрікті жерлерін тамашалады.