2021 жылдан бастап әр ЖОО ӨЗІНДІК ҮЛГІДЕГІ диплом беретін болды

13.07.21

 

Диплом бакалавр және магистратура

1. Дипломның алдыңғы бетінде университеттің атауы көрсетілген, логотипі бейнеленген.

2. Дипломды растайтың QR коды дипломның артқы бетінде төменгі бөліктің сол жақ бұрышында орналасқан.

3. Институционалды аккредитация  логотиптері диплом бланкісінің ішкі бетінің жоғарғы бөлігінің оң жақ бұрышында орналастырылған.

4. Қазіргі жобалық аккредитацияға сәйкес логотиптер үш тілде (мемлекеттік, орыс және ағылшын), жоғарғы бөлігінің оң жақ бұрышында орналасқан.

5. Баклавр дипломы қызыл және көк екі түрде болады.

6. Дипломның ішкі бетінде көрсетілетіндер мәліметтер:

1) ЖОО толық атауы.

2) Аттесттаттау комиссияның шешімінің, күні, айы, жылы және хаттама нөмірі.

3) Бітірушінің аты, тегі, әкесінің аты, бітірген мамандығының шифры мен толық атауы, мамандығының  бағыты мен тағайындалған дәрежесі және оқыту нысаны.

4) ЖОО – басшысының қолы, ЖОО - мөрі қойылады.

5) Диплом берілген күні және дипломның тіркеу нөмірі көрсетіледі