Мен ОҚМПУ-ды таңдаймын

29.09.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кәсіптік бағдар және мансап орталығы 2022 жылғы талапкерлерге кәсіби бағдар беруді  жүйелі ұйымдастыру және 2022 жылғы бітіруші түлектерге сұраныстарды анықтау мақсатында  факультет (кафедралар) ұжымдарымен кездесу  өткізуде. Басқосуларға оқу ордасының бітіруші түлектеріне жұмыс беруші ретінде  ҚР ІІМ дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкы 1-ПБ взвод командирі, полиция майоры Еркебұлан Жақсыбаев және 2-ПБ взвод командирі, полиция капитаны Марат Жанболатов қатысты. Олар "Денешынықтыру және спорт", "Филология" және "Өнер және білім" факультеттері ұжымымен кездесіп, әңгімелесті. Университеттің әр факультетінде 2021-2022 оқу жылында  кәсіби бағдар жұмыстарын үйлестіру үшін жұмыс тобы құрылады.
ОҚМПУдың 85 жылдығына орай түзілген кешенді жоспарға сәйкес 2021жылдың қазан айында кәсіптік бағдар және мансап орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласы білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен (жергілікті телеарнаның түсірілімімен) "МЕН 85 ЖЫЛДЫҚ ЖОО ТАҢДАЙМЫН" атты акция форматында алғашқы іс-шара өткізіледі.
Кездесу барысында орталық басшысы Ғалымжан Шәмшідінұлы 2022 жылғы бітіруші түлектермен тыңғылықты жұмыс атқару керектігін баса айтты. Сонымен қатар 2021жылғы қабылдау комиссиясының жұмысын зор жауапкершілікпен атқарған техникалық хатшыларға университет ректоры, т.ғ.к., доцент Гүлжан Сүгірбаеваның Алғыс хатын табыс етті.