Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы
Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы 1964 жылы 21 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер қаласында мемлекеттік қызметкердің отбасында дүниеге келді. 1982 жылы Комаров орта мектебін алтын медальмен аяқтап, 1987 жылы Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін үздік бітірді.