Хабарландыру

Хабарландыру

12.05.20

Құрметті білім алушылар!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2019-2020 оқу жылының көктемгі семестріне Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген стипендияларды тағайындау үшін күндізгі оқу нысаны бойынша 3-ші және 4-курста мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) бағаға оқитын студенттерге конкурс жариялайды. Конкурсқа келесі тізімдегі құжаттарды «Үміт» білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өткізу қажет:

Құрметті Талапкер-2020 сіздер үшін

24.04.20

Құрметті талапкер -2020, сізді Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық Университеті оқуға шақырады. 2020 жылдың 20 сәуір – 10 мамыр аралығында ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау өтеді. ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында болады. Осы 2020 жылдың 20 маусым – 5 шілде аралығында болатын ҰБТ-ге қатысуға кеңес береміз. Себебі ҰБТ-ға (маусым айындағы) қатыспаса, грант конкурсына қатысуға өтініш бере алмайды. Биылғы 11 сынып оқушылары өтініш беру үшін Ұлттық тестілеу орталығының сайтында онлайн тіркеледі.

Оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Исабек Баршагүл Қашқынқызы студенттермен 23.04.2020 жылы сағат 15-30 да инстаграм желісінде онлайн кездесу өткізеді

21.04.20

ОҚМПУ Оқу және оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры Исабек Баршагүл Қашқынқызы студенттермен 23.04.2020 жылы сағат 15-30 да инстаграм желісінде онлайн кездесу өткізеді. Құрметті студенттер оқу, диплом қорғау, мемлекеттік емтихан тапсыру, жазғы емтихан сессиясына байланысты сұрақтарды қоюларыңызға болады.

Беттер

Subscribe to RSS - Хабарландыру