Құттықтаулар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

20.02.19

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен ОҚМПУ ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ОҚО, Мақтарал ауданының «Құрметті азаматы», Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшев «Парасат» орденімен наградталды. Білім ордасының ұжымы Оңалбай Аяшұлын марапатымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, отбасына амандық, деніне саулық тілейді.

Құттықтаймыз!

20.12.18

ОҚМПУ-нің проректоры Баршагүл Исабек "Қазақстан Республикасы білім беру ісін дамытуға қосқан айырықша еңбегі үшін" және "Сайрам ауданына 90 жыл" мерекелік медалімен марапатталды. Білікті басшы, ұлағатты ұстазды марапатымен құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

25.10.18

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті елімізде алғашқылардың бірі болып, 100 пайыз мемлекет үлесіндегі коммерциялық емес акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Оқу ордасын жаңа құқықтық мәртебесімен құттықтаймыз!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

19.06.18

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен Университетіміздің 7 мамандық бойынша докторантура және 14 мамандық бойынша магистратура лицензиясын алуымен шын жүректен құттықтаймыз! Университетіміздің сапалы да саналы білім беру саласын дамытуда мол жетістіктерге жетуге тілектеспіз!

Сіздерді төмендегі мамандықтар бойынша оқуға шақырамыз!

Докторантура

Құттықтаймыз!

11.06.18

Физика-математика кафедрасының PhD докторы  Пазылбек Сапарғали Аспандиярұлын  әлемнің 26 мемлекетінен  80 –ге жуық ғалымдар   қатысқан  Латвия Республикасының жариялаған Латвия мемлекеттік стипендиясының (Latvian State scholarship)  конкурсына  қатысып, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу  бойынша 28 стипендияттың бірі  атануымен  шын жүректен құттықтаймыз. Деніңізге саулық,  ғылыми ізденістеріңізге  сәттілік тілейміз.

Құттықтаймыз!

11.06.18

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, Иманбаев Нұрлан Сайрамұлын 2018 жылы Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) өткізген ұлттық рейтингтің жоғары оқу орындары профессор-оқытушылар құрамының бас рейтингінің (ТОП-50) қатарына 1150 ұпаймен енгендігімен шын жүректен құттықтаймыз. Деніңізге саулық, шығармашылық жетістіктер тілейміз.

ҚҰТТЫҚТАУ

28.11.17

ҚҰТТЫҚТАУ

Мемлекеттік мәртебесі бар жоғары оқу орындары оңтүстікте көп емес. Құрылғанына 80 жыл толып отырған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты қайта ашылғаннан бергі 2011-2017 жылдарда жастарға білім мен тәрбие берудегі дәстүрлер сабақтастығын бүгінгі күн талабымен ұштастыра жүргізіп, бәсекеге қабілетті маман даярлаудың көшбасшысы бола білді.

«Белсенді жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы»

08.04.16

 07.04.2016 ж. Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен қаланың экологиялық әрі эстетикалық  келбетін көрікті ұстауға қатысты әлеуметтік іс-шараларға үнемі белсене қатысқаны,

Беттер

Subscribe to RSS - Құттықтаулар