Жаңалықтар

Coursera онлайн ресурсының сертификатын алды

13.04.20

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының докторы Роза Қадырбаева Coursera (Курсера) онлайн-ресурсының сертификатына ие болды. Coursera (Курсера)-да алгебра пәні бойынша әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарындағы өзгерістер  туралы  тегін курстар ұсынылды. Роза Қадырбаеваның айтуынша әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты дүниежүзілік онлайн ресурс  өз оқырмандарына  барлық мүмкіндігін ұсынды. Ғалым-математик қашықтықтан оқытудың тиімділігі арқасында осындай жетістікке жетті.

Елбасы мақаласы сын сағатта халқымыздың ертеңге сенімін арттырды – ректор Барлық құқықтар қорғалған

10.04.20
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Қауіп-қатермен бетпе-бет келген Қазақстан халқы осындай сын сағатта ішкі бірлігін көрсетіп, өзара жанашырлығын танытып отыр. Шымкенттік ОҚМПУ ректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлжан Сүгірбаева Елбасы Н. Назарбаевтың мақаласы сын сағатта халқымыздың төзімі мен сенімін арттырғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Педагогика-гуманитарлық факультеті педагогика және психология мамандығының студенттері тұрғындарды үйден шықпауға шақырды

Болашақ ғалым

05.04.20

Университетіміздің 3-курс студенті Әбжапбар Оразкүл қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының PhD  докторы Ақбілек Мыңбаеваның жетекшілігімен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары арасында өткен "Абай мұрасы - Қазақтың қасиетті қазынасы" атты халықаралық  байқауының жеңімпазы атанды.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар