Жаңалықтар

Көңілдерді шуаққа бөлеген мереке

11.03.19

Қыз-келіншектердің халықаралық мерекесіне орай ОҚМПУ-де салтанатты жиын өтті. Білім ордасының ректоры Оңалбай Аяшев ұжымдағы аруларға жүрекжарды құттықтау лебізін айтып, барлығына бірдей бағалы сыйлықтар табыстады. Әйел-аналардың қоғам даму мен ұрпақ тәрбиесіндегі айырықша үлесіне тоқталған оқу ордасының басышысы арулардың тіршіліктің тірегі, көңілдерді шуаққа бөлейтін ізгі жандар екенін айтты. Мереке соңы студенттердің ұйымдастырған концертіне ұласты. Кеште абаз жүректі аналар мен аяулы жандарға арналған өлеңдер оқылып, әндер шырқалды.

"Айка" фильмін тамашалады

22.02.19

ОҚМПУ-і студенттері "Канн" кинофестивалінің жүлдесіне ие болған "Айка" көркем фильмінің Шымкент қаласында өткен тұсаукесер көрсетілімін тамашалады. Олар көрсетілімнен соң фильмнің басты кейіпкерін сомдаған актриса Самал Еслямовамен  жүздесіп, ықылас гүлін сыйлады. Сондай-ақ фильм режиссері Сергей Дворцевоймен де пікірлесті. Әңгіме барысында студенттер туындыны түсіру кезеңдері, шығарманың көркемдік шешімі, актерлардың шеберлігі жайына қанықты.

ОҚМПУ ректоры Оңалбай Аяшев Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Алғыс хатымен марапатталды

31.01.19

ОҚМПУ ректоры Оңалбай Аяшев Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Алғыс хатымен марапатталды.  "Цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: өзекті мәселелер және шешу жолдары" атты  республикалық ІІ педагогикалық  оқуларында Оңалбай Аяшевтың өзі басқарып отырған ұжымды белсене ұйымдастыруы және креативтілігі  жоғары бағаланды.

Университетте "Саналы ұрпақ" кеңсесі ашылды

24.01.19

Салтанатты рәсімге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Саналы ұрпақ" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы және Шымкент қаласы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Көмекбаев Әли Амантайұлы

Университетіміздің студенттері, магистранттары мен докторанттары Жастар жылын жариялауға байланысты Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" тақырыбындағы салтанатты жиынды ұйып тыңдауда.

23.01.19

Университетіміздің студенттері, магистранттары мен докторанттары Жастар жылын жариялауға байланысты Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан "Тәуелсіздіктің ұрпақтары" тақырыбындағы салтанатты жиынды ұйып тыңдауда.

Құттықтаймыз!

10.01.19

ОҚМПУ-нің ректоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі, педагогика ғылымының докторы, профессор Оңалбай Аяшев Түркістан облысы Сарыағаш қаласының құрылғанына 50 жыл толған мерейтолық медалімен марапатталды. Білім ордасының басшысын марапатымен құттықтаймыз!

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар