Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты

Тарихы

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты (ЖООКББИ) «Докторантура және магистратура» бөлімі университет 2017-2018 оқу жылында PhD докторлар мен магистр мамандарын даярлауға лицензия алуына байланысты университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен (2018 жылғы 25 мамырдағы №4-49 бұйрығы) құрылды.
2020 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бөлімнің атауы «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімі» болып өзгертілді. 2021 жылдың қазан айынан бөлімнің контингентінің артуына және құрылымдық өзгерістерге байланысты Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты болып өзгертілді.
Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру институты бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды (PhD-докторанттар мен магистрлерді) даярлауды қамтамасыз етеді. Институт 10 докторантура және 21 магистратура бойынша білім беру бағдарламаларының оқу үрдісін ұйымдастырады