Студенттік өзін-өзі басқару

Студенттік ректорат (Студенттік өзін-өзі басқару ұйымы) – студенттердің оқуын, тұрмысын, бос уақытын ұйымдастыруға, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, студенттік бастамаларды қолдауға қатысты өзекті сұрақтарды шешу бойынша бастамашыл, өздік, қоғамдық қызметінің ерекші үлгісі.

ОҚМПУ Студенттік ректоратының мақсаттары:

• Университеттің беделін арттыру;

• Студенттердің оқуға байланысты мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

• Студенттердің ғылыми әлеуетін дамытуына жәрдемдесу;

• Студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау;

• Студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту;

• Студенттердің университет өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету;

• Жастардың бойындағы ұйымдастырушылық пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту.