Кәсіподақ ұйымы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кәсіподақ ұйымы

 

ОҚМПУ жергілікті кәсіподақ  ұйымы  2019 жылы 10 шілдеде заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен. Ресми атауы «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қызметкерлері мен студентерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі. Кәсіподақ ұйымы университет оқытушылары мен қызметкерлерін, студенттерді ерікті негізде біріктіретін қоғамдық бірлестік болып табылады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кәсіподақ ұйымының 591 мүшесі бар. Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетнің кәсіподақ ұйымының төрағасы болып 2020 жылы 4 қарашада сайланды. Тарих және педагогика факультетінің «Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы.

 

 

Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы 1979 жылы 8 қаңтарда ОҚО Төлеби ауданыда дүниеге келген. 1996-2000 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Дінтану, араб тілі»  мамандығы бойынша білім алған. 2003-2005 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің  Шымкент инстиутында «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алған. 2012 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде оқып, «Дінтану» мамандығы бойынша гуманитарлық білім  магистрі академиялық дәрежесін алған.

 2000-2011 жылдары Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент инстиутында Дінтану және әлеуметтану пәндерінің аға оқытушысы қызметін атқарды.

2010-2011 жылдары Академиялық инновациялық университетінің «Тарих және заң» факультеті декан орынбасары қызметін атқарды.

2011-2014 жылдары ОҚО ішкі саясат басқармасы және  ОҚО дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бөлімі басшысы қызметін атқарған.

2014-2017 ж.ж. ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директорының орынбасары қызметін атқарған.

2017 жылы ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы 2017-2019 жылдары. ОҚО және Түркістан облысы  дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директорының орынбасары болып қызметтерін атқарған.

2019 жылы Шымкент қаласы әкімі аппараты«Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы қызметін атқарды.

2019 – 2020 жылдары Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің директоры қызметін атқарды.

1998-1999 жылдары  Израиль, Палестина мемлекетінде тілдік тағлымдамадан өткен.

2003 жылы АҚШ(Мериленд, Вирджиния, Пенсильвания, Нью-Йорк шаттары және Вашингтон қаласы) «Сан алуан түрлі діндер және АҚШ-тағы Ислам бағдарламасы »  жобасының грант иегері

2012 жыл  Біріккен араб әмірліктері Шарджа қаласында 2 апталық семинарға қатысып қайтқан

 

1.ОҚМПУ жергілікті кәсіподақ ұйымы қызметінің мазмұны:

- заңмен белгіленген тәртіпте кәсіподақ мүшелерінің еңбек, әлеуметтік-экономикалықжәне басқа да құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілдік ету. еңбек ету мен оқу үшін еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жағдайларын жасау, біліктілігін және кәсіптік шеберлігін арттыруға ықпал ету.

2. ОҚМПУ жергілікті кәсіподақ ұйымы қызметінің мақсаттары мен міндеттері:

- бастауыш, кәсіподақ ұйымдарының, кәсіподақ топтарының қызметін біріктіру және үйлестіру;

- өнімді еңбегі үшін өз мүшелерінің уақтылы және әділетті еңбекақы, шәкіртақы және жәрдемақыны, ҚР заңдарында белгіленген әлеуметтік төлемдерді алуына ықпал жасау;

- еңбек ету мен оқу үшін еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғау жағдайларын жасау, біліктілігін және кәсіптік шеберлігін арттыруға ықпал ету.

- дәрігерлік қызмет көрсетуге, емделу және демалуға, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартуға жағдай жасау;

- еңбек заңнамасының сақталуына, келісімдер мен ұжымдық шарттардың орындалуына, еңбекті қорғау және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғаудың басқа түрлері жағдайын қоғамдық бақылау жасау;

- екі жақты келісімді түзу кезінде әлеуметтік әріптестіктің тарапы болып әрекет ету, жобаны дайындау және бекіту барысында келіссөздерге қатысу, олардың орындалу барысына қоғамдық бақылау жасау;

- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және Қазақстан Республикасының медиация туралы заңнамасына сәйкес, жеке және ұжымдық еңбек дауларын реттеуге және шешуге қатысу;

- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес,  кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық, еңбек құқықтары мен кәсіптік мүдделерін қорғаудың түрлі тәсілдерін қолдану;

-  өкілетті және атқарушы билік органдарында және соттарда кәсіподақ ұйымдары мен кәсіподақ мүшелерінің мүдделеріне өкілеттік ету;

- мүшелік ұйымдарға ақпараттық, әдістемелік, құқықтық және насихаттық көмек көрсету, өз қызметі жайлы есеп беру;

- мүшелерінің отбасыларына материалдық көмек көрсету, сауықтыру және демалуы үшін жолдамалар бөлу, кәсіподақ мүшелеріне сыйлықтар беру;

- мемлекеттік органдардың кәсіподақ мүшелерінің құқытары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын актілеріне сотқа шағымдану;

- еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысу;

- салалық кәсіподақ қызметінің құқықтары мен кепілдігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

- жарғылық мақсаттарды іске асыруға бағытталған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кәсіподақ комитетінің құрамы:

Аты-жөні

 қызметі

1

Бесбаев Мәди Әбзелбекұлы

Қазақстан тарихы және қоғамдық кафедрасының аға оқытушысы

2

Әбубәкіров Сағынғали Сандыбайұлы

Ректордың кеңесшісі, Қазақстан тарихы және қоғамдық кафедрасының профессоры

 

3

Шуланбеков Беркімбай Латифұлы

Кәсіптік оқыту және бейнелеу өнері кафедрасның аға оқытушысы

4

Нұрпейісов Нариман Жұмашұлы

Филология факультетнің деканы

5

Шағраева Бибігүл Бекенқызы

Химия кафдерасның меңгерушісі

6

Бердалиев Дәулетбай Тұрдалыұлы

Академиялық мәселелер жөніндегі басқарманың басшысы

7

Дүйсенова Гүлжамал Қошқарбекқызы

Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары

8

Серікбаев Данияр Бағланұлы

Әкімшілік басқарма басшысы

9

Тұрдалиев Алдияр Тұрдалыұлы

Спрот клуб басшысы «Дене тәрбиесі мен бастпақы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушысы

10

Өстемір Мүсілім Әзіретханұлы

Жастар саясаты бөлімінің маманы

 

Мұсабекова Айгүл Әміржанқызы

Шетел тілдері кафедрасының оқытушысы

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің бірқатар профессор-оқытушы құрамы «Сала қызметкерлернің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оқу орнымыздың ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы Сүгірбаева ұлағатты ұстаздарымызды, қызметкерлерімізді марапаттады.

«Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айырықша еңбегі үшін»  алтын белгісімен төмендегі ұстаздар мен қызметкерлер марапатталды:

N

Аты-жөні

қызметі

1

Бердалиев Даулетбай Турдалиевич

 

Академиялық мәселелер жөніндегі басқарма басшысы,ф.м.ғ.к

2

Әбішева Ләззат Пірназарқызы

 

Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к

3

Байырбекова Лаззат Мырзахановна

 

Бағдарламалық және техникалық қызмет көрсету бөлімінің басшысы

4

Керимкулова Кульмира Абдукаримовна

«Үміт» білім алушыларға қызмет көрсету орталығының басшысы

5

Койшиев Калдан Елеуович

 

Психология кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ.к

6

Битемирова Алия

Химия кафедрасының доценті, х.ғ.к

7

Каирбекова Улбала Жуматовна

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к

8

Бекманова Дариха Махановна

Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к

9

Турдалиев Алдияр Тыныштыкович

Дене тәрбиесі мен бастапқы әскери дайындық кафедрасының аға окытушысы