Университет қонақтары

22.04.21

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының директоры Еркін Садықов және орталық директорының кеңесшісі Амантай Нұрмағамбетов келді. Қонақтарды университет ұжымы, ректор Гүлжан Сүгірбаева , оқу әдістемелік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек және тәрбие істер жөніндегі проректор Ақлима Байғұт күтіп алып, оқу ғимаратының лабораториялық, коворкинг, 100 жаңа оқулық, Назарбаев орталықтары, Студенттер үйі және үйірме жұмыстарымен таныстырды.