Педагог кадрларға өңірлерден сұраныс түсуде

30.04.21

 

 

«Жұмыс берушілер форумына» қатысушыларды анықтау және өңірлердегі бос жұмыс орындары туралы мәлімет алу мақсатында облыстық білім басқармалары, қалалық білім бөлімдеріне және халықты жұмыспен қамту орталықтарына жолданған хаттарға мүдделі тараптардан жауаптар келіп түсуде. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен онлайн форматта өтетін форумға Ақмола облысы білім басқармасы және Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы өз аймақтарындағы педагогикалық мамандықтар бойынша бос орындарды көрсетіп, форумға қатысушы қызметкерлерінің тізімін қоса ұсынды.