Ректор университет ұжымымен кездесті

03.06.21

 

 

Бүгін ОҚМПУ-нің ректоры Гүлжан Сүгірбаева ұжыммен онлайн форматта кездесу өткізді.  Басқосуда  оқытушы-педагогтық құрамды аттестаттау, әлемде белең алған вирусқа қарсы  екпе салдыру, қызметкерлердің жалақысын көтеру, "Ashyq" қосымшасы туралы, еңбек демалысы жайында сөз болды.  "Ashyg"  қосымшасы оқу орнында биылғы жылдың 27 мамырынан бастап іске қосылған.  Бұл туралы әлеуметтік желіде  ақпар таратылды. Кездесуде  жұмыс беруші мен оқытушы-педагогтық құрам арасында кері байланыс орнап, сұрақтарға жауап берілді. 
      Ұжым мүшелері бұл кездесу қазіргі кездегі актуальды мәселелерді қозғаған және  дер шағында  өткізілген басқосу болды деген ортақ пікір  білдірді.