«Бастау» республикалық турнирі жеңімпаздары марапатталды

11.06.21

 

 

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Г. Сүгірбаева математикадан «Бастау» республикалық турнирі қалалық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттады. Шымкент қаласының "Дарын" орталығының ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары арасында ХІV рет өткізілген білім сайысы екі кезең бойынша үздіктерді іріктеді. " Әу, баста!" деп аталған бірінші турда оқушылар тапсырмаларды жазбаша орындаса, екінші "Бәйге" кезеңінде сауалдарға ауызша жауап берген. «Бастау» турнирінің қалалық кезеңіне жалпы білім беретін 47 мектептің 170 оқушысы қатысты. Оның 37-і жеңімпаз атанды. Олардың ішінен үздік шыққандары республикалық кезеңге жолдама алды. Университет ректоры жүлдегерлерді құттықтап, алдағы білім сайысында сәттілік тіледі.