ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР, БОЛАШАҚ СТУДЕНТТЕР‼️‼️

04.08.21
 
 
 
 
 
ОҚМПУ Қашықтықтан, кешкі оқыту және дайындық орталығы ҚР азаматтарын 2021-2022 оқу жылына Тілдік дайындық бөліміне оқуға түсуге шақырады!
 
Егер сіз ҰБТ-ден шектік ұпайға жете алмай, бір пәннен 5 ұпайдан төмен жинап, мемлекеттік білім беру гранттарының конкурсына қатыспаған болсаңыз немесе грантқа түсе алмай қалсаңыз, біз сізді 9 ай бойы Дайындық орталығында тегін, ай сайын 23000 теңге көлемінде шәкіртақы беріп, 2022 жылы маусым айындағы ҰБТ-ге қатысып, жеке арнайы бөлінген квота арқылы оқуға түсуге шақырамыз.
 
 Талабы: 9 ай күшейтілген тілдік курсты (ағылшын тілі) ҰБТ-де тапсыратын міндетті 5 пәнмен қоса оқу!
 
ЕСКЕРТУ: ҰБТ-де таңдау пәніңіз математика-физика, химия-биология бағытында ғана болады.
 
Нәтижесінде 2022-2023 оқу жылына бөлінген арнайы жеке квотаға конкурс арқылы грантқа түсесіз. ҰБТ-ден педагогикалық мамандықтар тобына арналған шектік 75 баллды жинауыңыз қажет. Грантқа өтініш жазғанда тек физика мұғалімдерін даярлау тобы, информатика мұғалімдерін даярлау тобы, химия мұғалімдерін даярлау тобы, биология мұғалімдерін даярлау тобы атты мамандықтарды ғана таңдай аласыз.
 
 жыл бакалавр дәрежесінде физика, информатика, химия, биология мұғалімдерін ағылшын тілінде оқыта алатын маман иесі болып шығасыз
 
 Тілдік дайындық бөліміне тіркелу онлайн түрде болады. Мерзімі 5 тамыз- 5 қыркүйек!
 
Онлайн тіркелу үшін, талапкерге:
 Жеке куәлік. 
Аттестат;
Телефон нөмірі;
 Электрондық пошта адресі қажет.
 
Тіркелу барысында түсінбеушілік орын алған жағдайда +77470911986 WhatsApp нөміріне хабарласыңыздар!
 
‼️‼️ЕСКЕРТУ: Тілдік Дайындық бөліміне оқуға қабылдау емтиханы ҰБТ түрінде өтеді (тест). Ағылшын тілі+таңдау пәннің бірін (химия, биология, физика).
 
10-15 қыркүйек аралығында онлайн түрде тапсырады.
 
Біздің университетті таңдайтын талапкерлермен байланыста болып, жаңалықтарды ұдайы хабарлап отырамыз. 
(WhatsApp-та топтар құрылады)
 
 Тілдік Дайындық бөліміне оқуға грантқа түсу конкурсының нәтижесі 28-30 қыркүйек аралығында шығады. Грантқа түскен тыңдаушыларымызбен оқуды 1 қазан күні бастаймыз! 
 
 Төтенше жағдайға байланысты карантиннің аяқталуы белгісіз. Бұл жағдайда заманауи бағдарламалармен 1 семестр онлайн, қашықтықтан оқытылады.
 
Оқуға келген кезде өзіңізбен бірге алып келетін құжаттар тізімі:
 Жеке куәлік (көшірмесі) 4 дана;
Аттестат (түп нұсқа)
 N 075-У, дәрігерлік анықтама;
 063 Екпе картасы (көшірмесі мөрімен);
 3х4 фото 6 дана.
Қосымша құжаттар қажет болған жағдайда хабарлап айтамыз. 
 
Барлық сұрақтар бойынша: 
 +77021758975 - WhatsApp арқылы
 
Тегін 9 айлық тілдік дайындық бөлімі!
Ай сайынғы шәкіртақы!
Заманауи жатақхана!
Қызықты студенттік өмір!
ҰБТ тапсырып, педагогикалық мамандыққа түсудің жоғары мүмкіндігі!
 
БІЗ СІЗДЕРДІ КҮТЕМІЗ!
 
#оқмпу