ОҚМПУ шәкірті — олимпиада жүлдегері

10.08.21

 

 

Аса қымбатты шәкіртіміз Дархан Абдісадықұлы! @darkhanassadilov

Сізді ұлтымыздың көк туын биікке көтеріп, әлемдік деңгейде өткен "Токио 2020" олимпиада ойындарында жүлделі орынға көтеріліп, қола медальға ие болуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Қазақ білімінің қарашаңырағы саналатын Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті 2009 жылы біздің қасиетті оқу ордамызды үздік бітірген өзіңізді мақтан тұтады.

Білім мен ғылым, мәдениет пен руханият, спорт саласында сан алуан жетістіктерге жетіп келе жатқан оқу ордамыздың өзіңіз сияқты шәкірттері ел намысын қорғап бұдан да биік жетістіктерге жете береді деп сенім білдіреміз.

Құрметпен өзіңіздің білім алған оқу ордаңыз Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Гүлжан Дәулетбекқызы!