СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҰЛТТЫҚ СПОРТ САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

12.10.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері "Ұлы дала рухы" деп аталған ұлттық спорт түрлері республикалық фестиваліне белсене қатысып, олжалы оралды. Елордада өткен спорт сайысы  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.  Университеттің спорт және денешынықтыру факультетінде оқитын Құттыбай Алтынсары мен  Гүлден Тұрғынбекова тоғызқұмалақ жарысында бірінші орынды жеңіп алды. Жүлдегерлермен университет ректоры Гүлжан Сүгірбаева арнайы кездесіп,  спортшылардың алдағы бәсекелеріне сәттілік тіледі.