"Рухани жаңғыру" және тәрбие бөлімі

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті жаңа үлгідегі маман даярлау, жас буынға патриоттық тәрбие беру, ұлттың тарихи-мәдени құндылықтарымен таныстыру және бұл бағыттардағы жұмыстарды ғылыми негізде дамыту мақсатында ЖОО қабырғасындағы өзге де құрылымдармен бірлесе жұмыс жасайтын бөлім ретінде ЖОО ректорының 2017 жылдың  4-қыркүйегіндегі №4-74 бұйрығына сай ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығы құрылған болатын. Аталған орталық 2020-2021 оқу жылынан бастап «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөліміне айналды.

Қазіргі таңда орталық жұмысын мазмұнды ұйымдастыруға екі арнайы кабинет және алаңша қызмет етіп тұр. Олардың барлығы ЖОО-ның «Рухани жаңғыру» және тәрбие  бағытындағы жұмыстарына қызмет етіп тұр. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласындағы көрсетілген бағыттар мен тапсырмаларды орындау бағытындағы жұмыстар орталықтың жылдық жұмыс жоспарларынан көрініс тапқан. Сонымен бірге орталықтың жұмысын ғылыми және тарихи сабақтастық деңгейінде жүргізуде ОҚМПУ ұжымының археологиялық жасағының қазба жұмыстарының нәтижелерінің негізінде жасақталған «Ұлы Дала Елі – Өркениеттер тоғысында б.э.д. 100 мың.-б.э.ХІІ ғасыр» атты тақырыптық көрменің көп көмегі бар.