Жаңалықтар

             

 

СТУДЕНТТЕРІМІЗ ҰЛТТЫҚ СПОРТ САЙЫСЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

12.10.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері "Ұлы дала рухы" деп аталған ұлттық спорт түрлері республикалық фестиваліне белсене қатысып, олжалы оралды. Елордада өткен спорт сайысы  ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылды.  Университеттің спорт және денешынықтыру факультетінде оқитын Құттыбай Алтынсары мен  Гүлден Тұрғынбекова тоғызқұмалақ жарысында бірінші орынды жеңіп алды.

Екі алтын медаль жеңіп алды

05.10.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студентті республикалық спорт сайысында екі алтын медаль жеңіп алды. Спорт және денешынықтыру факультетінің студенті Айшагүл Қарасаева зағип және тірек қимылы әлсіз жандар арасында өткен Қазақстан Республикасының VI  спартакиадасында 50 және 100 метр қашықтыққа суда жүзуден  қарсыластарының барлығын арта қалдырып, өзінің мықты екенін дәлелдеді.

Университет ғалымдары креативті жобаға кірісті

04.10.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары мектеп жасына дейінгі балаларды инклюзивті білім беру ортасына бейімдеу үшін "Әлемді тану "компьютерлік білім беру бағдарламасын әзірлеу" бірегей жобасымен жұмыс жасауда. Жобаның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік, тұлғалық, әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету. Жоба аясында "Әлемді тану"компьютерлік білім беру бағдарламасы әзірленетін болады.

Түркістанға саяхат

04.10.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ардагерлері оқу ордасының  ректоры Гүлжан Сүгірбаеваның бастамасымен және қолдауымен Түркістан қаласына саяхаттап қайтты. Ардақты ұстаздар көне шаһардың жаңаша келбетке ие болған жерлерін аралап, Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат жасады. Сапардан мол әсер алған ардагерлер бұл іске ұйытқы болған азаматтарға ризалығын білдірді. Университеттің кәсіподақ комитеті төрағасы Мәди Беспаевтың айтуынша мұндай саяхаттық сапарлар  алдағы уақытта да өткізілмек.

ТАЗАЛЫҚ ТАҒЛЫМЫ

04.10.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің әкімшілік басқармасына қарасты барлық техникалық құрам қызметкерлері мен жастар саясаты бөлімінің жастары жалпықалалық сенбілікке қатысты. Олар Ахмет Байтұрсынов, Қайрат Рысқұлбеков, Ахмет Байтұрсынов көшелерінің бойын сыпырып, ирригациялық арықтарды қоқыстардан тазартты. Сондай-ақ ағаштардың түптерін әктеп  шықты.

Мен ОҚМПУ-ды таңдаймын

29.09.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің кәсіптік бағдар және мансап орталығы 2022 жылғы талапкерлерге кәсіби бағдар беруді  жүйелі ұйымдастыру және 2022 жылғы бітіруші түлектерге сұраныстарды анықтау мақсатында  факультет (кафедралар) ұжымдарымен кездесу  өткізуде. Басқосуларға оқу ордасының бітіруші түлектеріне жұмыс беруші ретінде  ҚР ІІМ дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкы 1-ПБ взвод командирі, полиция майоры Еркебұлан Жақсыбаев және 2-ПБ взвод командирі, полиция капитаны Марат Жанболатов қатысты.

Университет оқытушысы -алтын медаль иегері атанды

27.09.21

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті денешынықтыру және спорт факультетінің оқытушысы Мәди Катешов каратэден өткен әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Дүниежүзілік бәсеке Москва қаласында өтті. Ұстаздың мұндай жетістігі шәкірттерін биік мақсаттарға ұмтылдыратын меже болмақ.

Беттер

Subscribe to RSS - Жаңалықтар