Zhanibekov university logo

Хабарландыру 22.05.2026

22 Мамыр 2026, 15:26
Zhanibekov university

«Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесі Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, 160012, А.Байтұрсынов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан «Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының корпоративтік хатшы бос лауазымына конкурс жариялайды:

 

Корпоративтік хатшының қызметінің мақсаты қоғамның директорлар кеңесіне есеп беру, сондай-ақ өз қызметі шеңберінде акционерлер жиналысының және қоғамның директорлар кеңесінің отырыстарын дайындау және өткізуге бақылау жасау, акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдарды және қоғамның директорлар кеңесінің отырысына материалдар әзірлеуді қамтамасыз ету, оларға қол жеткізудің қамтамасыз етілуін бақылау болып табылады.

Корпоративтік хатшы лауазымына қойылатын талаптар жоғары заңгерлік және/немесе экономикалық білімі, сондай-ақ корпоративтік басқару бойынша арнайы даярлық, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі, оның ішінде корпоративтік құқық немесе корпоративтік басқару саласында және/немесе басшылық лауазымда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілінің болуы.

Корпоративтік хатшы:

Қазақстан Расының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдармаларын және стратегиялық құжаттарын, университет Жарғысы мен ОҚПУ ішкі актілеріне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережесі, Әдеп және ақадемиялық адалдық кодексі, ішкі еңбек тәртіп Ережелерін) сәйкес нормаларын, Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және ӛртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын білуі тиіс.

Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

1) арнайы үлгідегі өтініш;

2) конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

3) 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуреті бар конкурсқа қатысушының арнайы үлгідегі қызметтік тізімі;

4) білім туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың көшірмелері және салыстыру үшін түпнұсқалары;

5) жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын белгіленген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);

7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес құжаттар ұсынылатын күнге дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқтығын растайтын құжат.

 

Тиісті мемлекеттік органдар шектеу ic-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсететін қызметті алушылар Конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

 

Құжаттарды қабылдау мекен-жайы: Шымкент қ., Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Байтұрсынов көш. №13, 132 кабинет (Казпочта арқылы), сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін,  info@okmpu.kz (электронды почта), анықтама телефоны: 87789028076, 30-14-59 (кадр бөлімі).

 

Конкурс өткізілетін күні мен орны: Хабарланады!