ХАБАРЛАНДЫРУ. 13.11.2026
Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Ағылшын тілі кафедрасы «8D01703-Шетел тілі: екі шетел тілі педагогін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған докторант Курмашева Молдир Бижигитовнаның «Цифрлық адаптивті оқыту жағдайында болашақ шетел тілі мұғалімдерінің кәсіби-негізделген құзыретін қалыптастыру» тақырыбындағы диссертациялық жұмысының кеңейтілген ғылыми семинарда (алдын ала қорғауда) талқыланатынын хабарлайды.
Қорғау тілі – ағылшын тілі.
Диссертация ғылыми мақалар сериясы түрінде ұсынылған.
Отандық ғылыми кеңесші:
PhD, профессор А.Н.Жорабекова
Шетелдік ғылыми кеңесші:
PhD, профессор Паша Тевфик Джепхе (Түркия)
Рецензенттер:
-
Г.И. Сманова – педагогика ғылымдарының кандидаты, Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Ағылшын кафедрасы.
-
Л. Қазыханқызы – PhD, доцент м.а., Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ. Педагогикалық шетел тілі кафедрасы.
Кеңейтілген ғылыми семинар 2026 жылы 20 қараша күні, сағат 11:00-де Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ, Ағылшын тілі кафедрасы №127 аудиторияда онлайн және офлайн форматта өтеді.
Мекенжай: Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 63