Zhanibekov university logo

БАС ЖҮЛДЕ — СҰЛТАН АЙТЖАНДА!

29 Қазан 2025, 18:05
Медиа Орталық


Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да «Ынта-2025» шығармашыл жастар байқауы өтті. Жас таланттардың талабын ұштап, үлкен сахнаға жолдама беру мақсатында ұйымдастырылған өнер сайысын Басқарма мүшесі—Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректор Баршагүл Исабек құттықтау сөзбен ашты.

 

Атының өзі айтып тұрғандай, оқу ордамызда оқып жүрген өнерлі жастарды ынталандыру мақсатында осы шараны ұйымдастырудамыз. Осы киелі сахнадан талай студенттеріміз өнерге жолдама алған. Естеріңізде болса, өткен ғасырдың соңында Алтынай Жорабаева, Ерлан Жандарбай сияқты бірнеше таланттар осындай сайыстар арқылы шыңдалып, біздің оқу ордамыздан түлеп ұшты. Бүгін де анықталған жеңімпаздарды алдағы уақытта университетаралық, қалааралық шараларға қатыстырып, үлкен өмірге жолдама бермекпіз.

 

Білім мен өнерді ұштастырған талаптарыңыз оң болсын, —деді Баршагүл Қашқынқызы.

Өнер сайысына барлығы 28 үміткер қатысып, оның 18 вокал жанрында, ал 10 мәдени іс-шара жүргізу бойынша бақ сынасты. «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, студенттердің тәжірибесі жеткіліксіз болғанмен, барлығының бойынан сахнаға деген құштарлық пен өнерге деген махаббат ұшқын атып тұрды. Сайыс шымылдығын филология факультетінің 2 курс студенті Зарина Мырзабек «Балапан қаз» әнімен ашып берді. Жас таланттардың өнерін Халықаралық байқаулардың лауреаты, ҚР мәдениет қайраткері, опера әншілері Үрәлхан Сейілбекова, Ерлан Жандарбай, Халықаралық дәрежедегі дизайнер, Қазақстан Республикасы Дизайнерлер одағының мүшесі, университеттегі «Мұра» шығармашылық орталығының басшысы Марат Ерімбетов, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Оңтүстік» телеарнасының редакторы Фариза Құрманбек , актриса, театр үйірмесінің жетекшісі Мукарама Ибатуллина құрайтын қазылар алқасы сарапқа салды.

 

Байқау қорытындысы бойынша жас әншілер бағыты бойынша бас жүлдені университетіміздің жанынан ашылған Жүсіпбек Аймауытов атындағы көпсалалы колледждің 1 курс студенті Сұлтан Айтжан (100 000 теңге ) жеңіп алды! Бірінші орынды Өнер және білім факультетінің студенті Сымбат Тұрдалиева (70000 теңге) иеленсе, екі бірдей екінші орын (50000 теңгеден) спорт және денешынықтыру факультетінен Даниял Мұхаммадұлы мен өнер және білім факультетінен Маннатов Сұлтанға берілді. Сондай-ақ, екі бірдей үшінші орынға (30000 теңгеден) Талшын Нұрша (Өнер және білім факультеті), Айсәуле Әбілтаева (спорт және денешынықтыру факультеті) лайық деп табылды. Қосымша, әрқайсысы 20 мың теңгеден үш бірдей ынталандыру сыйлықтары да өз иесін тапты.

 

Мәдени іс-шара жүргізушілер бағыты бойынша 1 орынды Жаратылыстану факультетінен Ердеш Заңғар (70000 теңге) жеңіп алса, 1 орынды Тарих және педагогика факультетінің студенті Тұран Өсер (50000 теңге) ал 3 орынды Өнер және білім факультеті студенті Әмина Айтжан (30000 теңге) иеленді. Екі бірдей ынтыландыру сыйлығы (20000 теңге) Шүкірәлі Ақторғын (Жаратылыстану) мен Шынықұл Қажымұқанға (Физика-математика) берілді.

 

Осыған ұқсас

ҚОРЖЫНДА — ҚОС БАС ЖҮЛДЕ!

ҚОРЖЫНДА — ҚОС БАС ЖҮЛДЕ!

26 Наурыз 2026, 16:25
«ЖӘНІБЕКОВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» АРУЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» АРУЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

21 Наурыз 2026, 08:28
САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19