«АШЫҚ СЕМИНАР САБАҚ» ФОРМАТЫНДА ДӘРІС ОҚЫДЫ
Тарих және педагогика факультетіне қарасты Бастауышта оқыту әдістемесі кафедрасында факультет деканы, п.ғ.к., аға оқытушы Гүлдариға Таутаева ашық дәріс оқыды.
Ол «7М01301- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі педагогін
даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша даярланатын магистранттарға
«Ғылыми-зерттеу жұмысын бастауыш мектепте ұйымдастыру» пәнін ұйымдастырды. «Ғылыми зерттеу жұмысын бастауыш мектепте ұйымдастыру»
пәнінің мақсаты магистранттарды бастауыш мектепте ғылыми зерттеу жұмысын дұрыс
ұйымдастыруға, жоспарлауға, рәсімдеуге, әдістер мен тәсілдерді, ғылыми зерттеу
ортасында жұмыс істеу үшін керекті білім мен дағдыларды меңгертуге арналды.
Курсты қорытындылау «Ашық семинар сабақ» форматында өткізілді. Ашық сабақта Х.Әлімжан атындағы №85 ЖОББМ мектеп
мұғалімі Мөлдір Әбілова «Ғылыми зерттеу жұмысының алғышарттары» тақырыбында
тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып оқушылары Асылхан Ақнұр «Жұмсақ
ойыншықтар әлемі бизнес бастауым», Лесбай Шапағат «Айналамыздағы математика»,
3-сынып оқушысы Мұратхан Қасымхан «Ауыз суды үнемдеп үлгерейік» тақырыбында
ғылыми жұмыстарын ұсынды.
Магистранттар бастауыш сынып оқушыларына қызықты «Шоколадтың пайдасы мен зияны», «Үй жағдайында әтір дайындау», «Таңғажайып крахмал», «Әуе шары» тақырыптарында жоба жұмыстарын көрсетті. Сабақ өте қызықты, әсерлі болды. Белсенділік танытқан мектеп оқушылары мен жетекшілеріне университет Басқарма төрағасы-ректор міндетін уақытша атқарушы Ә.Нұртаевтың «Алғыс хаты» табысталды.


Осыған ұқсас
ҚОРЖЫНДА — ҚОС БАС ЖҮЛДЕ!
«ЖӘНІБЕКОВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» АРУЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ
САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!