Zhanibekov university logo

ТӘЛІМГЕР ҚЫЗМЕТІ: ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ

15 Қаңтар 2026, 12:32
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ-да 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысы бойынша оқу тобы тәлімгерлерінің қатысуымен жалпы жиналыс өтті. Жиын барысында университеттегі тәрбие, әлеуметтік және психологиялық қолдау жұмыстарының өзекті бағыттары талқыланды.

 

Жиналыста университеттің Басқарма мүшесі – Стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек тәрбие және әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұлттық идеология негізінде ұйымдастырудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Ол студенттердің тұлғалық дамуы, азаматтық жауапкершілігі мен құндылық бағдарын қалыптастыруда тәлімгерлердің рөлі ерекше екенін атап өтті.

 

Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаментінің директоры Қайрат Анарбаев тәрбие жұмыстарының іс-қағаздарын нормативтік талаптарға сай жүргізу, заң мен тәртіп аясындағы жұмыстарды күшейту, тәлімгерлердің студенттермен тығыз әрі жүйелі байланыста жұмыс істеуі қажеттігін нақтылады. Сонымен қатар, шетелдік студенттердің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәрбиелік іс-шаралардың сапалы ұйымдастырылуы, спорт пен өнер саласында университет пен ел намысын қорғап жүрген студенттерге академиялық қолдау көрсету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 

Жиналыс барысында Психологиялық қолдау орталығының басшысы Гүлнар Айтжанова арнайы слайдтық баяндама жасап, 2025–2026 оқу жылында студенттердің психологиялық жеке кеңес беру қызметіне жүгіну көрсеткіштеріне талдау ұсынды. Баяндама қорытындысында қарым-қатынастың тек ақпарат алмасу емес, өзара сенім мен түсіністікке негізделген психологиялық үдеріс екені атап өтілді. Тиімді қарым-қатынас студенттердің мінез-құлқына, оқу мотивациясына және тұлғалық дамуына тікелей әсер етеді.

 

Жиын аясында студенттермен қарым-қатынаста жіберілетін қателіктер, кәсіби және этикалық шекараларды сақтау, белсенді тыңдау, дұрыс кері байланыс беру және бірлескен шешім қабылдау дағдыларының маңыздылығы талқыланды. Жалпы алғанда, жиналыс қорытындысы университетте тәрбиелік, әлеуметтік және психологиялық қолдау жұмыстарын жүйелі түрде жетілдіру және тәлімгерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталды.


 

Осыған ұқсас

ҚОРЖЫНДА — ҚОС БАС ЖҮЛДЕ!

ҚОРЖЫНДА — ҚОС БАС ЖҮЛДЕ!

26 Наурыз 2026, 16:25
«ЖӘНІБЕКОВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» АРУЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ЖӘНІБЕКОВ МҰРАСЫ ЖӘНЕ ҰЛТ ТӘРБИЕСІ» АРУЛАР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

21 Наурыз 2026, 08:28
САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

САМАРҚАНД МЕМЛЕКЕТТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРЫ ДӘРІС ОҚИДЫ

20 Наурыз 2026, 12:04
«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

«ҚАЗАҚТЫҢ ДОСТАРЫ МЕН ҚАСТАРЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 17:01
«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ҚҰБЫЛЫСЫ: ТҰЛҒА ТАҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

19 Наурыз 2026, 12:16
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің студенттері арасында «Наурыз» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстың ережесі

18 Наурыз 2026, 18:25
G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

G1 ГУМАНОИД РОБОТЫ ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

18 Наурыз 2026, 12:29
«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

«Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы - Ректоры бос лауазымына конкурс

18 Наурыз 2026, 09:54
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ИНЖЕНЕРЛІК ЖОБАДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН!

16 Наурыз 2026, 17:34
НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ БҮГІН КӨРІСУ КҮНІМЕН БАСТАЛДЫ

13 Наурыз 2026, 11:19