Zhanibekov university logo

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТТАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

26 Ақпан 2026, 19:13
Медиа Орталық

Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті базасында Жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараны университеттің Басқарма мүшесі, стратегиялық даму және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Баршагүл Исабек жүргізді.

Кездесудің басты мақсаты – білім алушыларға заң мен тәртіп қағидаттарын кеңінен түсіндіру, жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер туралы нақты ақпарат беру. Жиында Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дәулеткелді Әбдіраманов, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының ҚҚБ бастығы, полиция подполковнигі Төре Тәукеев жастарға аталған тақырып бойынша жан-жақты мәлімет берді. Төре Тәукеев жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлеріне және заңнамаға енгізілген жаңа нормаларға тоқталды. Атап айтқанда, сталкинг, некеге мәжбүрлек, дропперлік, есірткі айналымы, сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың электр самокаттарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары мен жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері де қозғалды.

Құқық қорғау қызметкерлері құқық бұзушылықтың алдын алу – әрбір азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтіп, жастарды заң талаптарын сақтауға, күмәнді әрекеттерден аулақ болуға және өз құқықтарын білуге шақырды. Кездесу барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқықтық кеңес алды.