Zhanibekov university logo

ВИРТУАЛДЫ ЗЕРТХАНА – ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ДЕҢГЕЙІ

8 Сәуір 2026, 17:36
Медиа Орталық

Университетімізде заманауи технологияларды қолдану арқылы оқу үдерісі жүйелі түрде жетілдірілуде. Атап айтқанда, лабораториялық сабақтар барысында виртуалды шындық (VR) көзілдіріктері кеңінен қолданылуда. Бұл тәсіл «Электр және магнетизмнен лабораториялық практикум» пәні аясында жүзеге асырылып, 2-курс студенттері (1510-14 – Физика-информатика мұғалімдерін даярлау мамандығы) зертханалық жұмыстарды орындауда. Қазіргі таңда студенттер «Кулон заңы» тақырыбы бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізуде.

 

 — VR технологиясының көмегімен студенттер электр зарядтарының өзара әрекеттесуін көрнекі түрде бақылап, тәжірибелерді қауіпсіз ортада орындай алады. Әсіресе, оң және теріс зарядтардың тартылуы мен аттас зарядтардың тебілу құбылыстарын нақты әрі түсінікті түрде зерттеуге мүмкіндік береді, - дейді физика кафедрасының аға оқытушысы Эльмира Қожабекова мен кафедра инженері Әлішер Керімтай. VR технологиясын қолдану білім алушылар үшін үлкен артықшылық болып табылады. Себебі ол қауіпті немесе күрделі тәжірибелерді ешбір қауіпсіздік тәуекелінсіз орындауға жағдай жасайды. Сонымен қатар, студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға тиімді ықпал етеді.