ЕҢБЕКПЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР — ЕЛГЕ ӨНЕГЕ
Қазақстанның Еңбек Ері, белгілі қоғам қайраткері, ректордың кеңесшісі Мұқаш Зұлқайнарұлы студент жастарымен кездесті.
Тарих және педагогика факультетінің білім алушылары еңбек жолындағы жетістіктерге жетуіне бағыт-бағдар беру, еңбекке деген жауапкершілігін арттыру және кәсіби дамуына мотивация қалыптастыру мақсатында Қазақстанның Еңбек Ері Мұқаш Зұлқайнарұлымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында еңбек ардагері өзінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, еңбек жолындағы жетістіктерге жетудің маңыздылығы, табандылық, жауапкершілік, адал еңбек пен кәсіби шеберліктің рөлі туралы тағылымды әңгіме өрбітті.
Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, құнды кеңестер мен өмірлік тәжірибеден мол әсер алды. Осындай кездесулер жас ұрпақтың еңбекке деген құрметін арттырып, болашақ мамандардың кәсіби қалыптасуына және биік белестерді бағындыруына үлкен серпін береді.
Еңбек – табыстың кілті, ал табандылық – жетістікке жетудің жолы!
Мұқаш Зұлқарнайұлы уақытын бөліп, өнегелі өмір жолымен бөліскені үшін студент жастар шынайы алғыстарын білдірді.

Осыған ұқсас
ЖАЙДАРМАН – ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ САХНАСЫ
ҒЫЛЫМ КӨКЖИЕГІНДЕГІ ЖАҢА БЕЛЕС: ЖАС ҒАЛЫМДАРҒА PHD ДӘРЕЖЕСІ БЕРІЛДІ
ZHANIBEKOV UNIVERSITY ҒАЛЫМДАРЫ SCOPUS БАЗАСЫНДА 100-ІНШІ ҒЫЛЫМИ МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ МЕЖЕСІН БАҒЫНДЫРДЫ!
ЖӘНІБЕКОВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ ЭТИКАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ҒЫЛЫМИ ЖАҢА ЖЕТІСТІК!
“ЖОО Үздік оқытушысы - 2026” хаттама
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МАРАПАТ УНИВЕРСИТЕТ ҰЖЫМЫНА ТАБЫСТАЛДЫ
БІР ТОЛҚЫНДА – 2026
ШЕТЕЛДІК БІЛІМ АЛУШЫЛАРҒА АҚПАРАТТЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ