Zhanibekov university logo
Image

Биология

Кафедра Жаратылыстану
Image

Успабаева Айгуль Аманкуловна

uspabaeva73@mail.ru

Кафедра меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты

Туған күні: 20.11.1973 ж. Туған жері: Шымкент қаласы. 1990 жылы Лапшин атындағы №53 орта мектепті тәмамдап, сол жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетінің биология факультетіне оқуға түсті. 1995 жылы аталған университетті бітірді. 1995–1997 жылдары Шымкент дене шынықтыру педагогикалық институтының «Жалпы биология» кафедрасында оқытушы қызметін атқарды. 1997–2021 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жұмыс істеді. 2006 жылғы 19 мамырда 03.00.07 – микробиология мамандығы бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады. Диссертация тақырыбы: «Оңтүстік Қазақстанның аридті климат жағдайында мұнаймен ластанған топырақты тазарту үшін көмірсутек тотықтырғыш микрофлораны пайдалану». 2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультеті «Биология» кафедрасында қызмет атқарады.

 

БІЛІМІ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Бітірген жылы

Әл-Фараби аты

ндағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті

Биолог, биология және химия оқытушысы

1995 ж.

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылым саласы

Диплом берілген күні

Биология ғылымдарының кандидаты

03.00.07 – микробиология

19.05.2006 ж.

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ:

  • Микробиология және вирусология
  • Молекулалық биология
  • Интегративті биология
  • Биотехнологияның заманауи аспектілері

ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТІ

120-дан астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектердің авторы, оның ішінде Қазақстан Республикасының 12 патенті мен инновациялық патенттері, 4 электрондық оқулық, 12 оқу және оқу-әдістемелік құрал, жоғары оқу орындарына арналған 6 пән бағдарламасы және 4 монография бар. 2003–2026 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын нысаналы-бағдарламалық және гранттық ғылыми жобалардың, сондай-ақ шаруашылық келісімшарт негізіндегі зерттеулердің жетекші ғылыми қызметкері болып табылады. Зерттеу бағыттары – экологиялық биотехнология және білім беру.

МАРАПАТТАРЫ: «Ғылым және білім беру саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі (РАЕ, 2014 ж.); «Ұлағатты ұстаз» медалі (2017 ж.); «Үздік автор» медалі (2017 ж.); «Білім беру ісінің үздігі» атағы (2018 ж.); «Қазақстан педагогтерінің 100 жаңа есімі» медалі (Нұр-Сұлтан қ., 2020 ж.); ҚР ҒЖБМ Құрмет грамотасы (2025 ж.).