Zhanibekov university logo
Image

Музыкалық білім

Кафедра Өнер және білім
Image

Қарсыбаева Айман Мұсақызы

Білімі:

1986 -1993 жж Алматы қаласы Республикалық А.Жұбанов атындағы музыкалық мектебінің қыл қобыз класы, біліктілігі: оркестр әртісі.

1993-1998 жылы аралығында Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясынның халық аспаптар факультеті, қыл қобыз мамандығы, біліктілігі: концерттік орындаушы, оркестр әртісі, оқытушы.

2012-2015жж. Оңтүстік Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университеті, Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі;

2023ж. Қашықтықтан білім беру академиясының қайта даярлау курсы, хорды дирижерлау мамандығы, біліктілігі: қосымша білім беру мекемелеріндегі педагогика: Хорды дирижерлау, Омск, Ресей.

Еңбек өтілі:

1994-2001 жж Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің әртісі;

2001 ж Астана мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі кызметін атқарды.

2001-2010 жж Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Саз және ән айту» кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы;

2004-2011жж ОҚО Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің жеке орындаушысы, филармонияның көркемдік жетекшісі, Облыстық опера және балет театры директорының міндетін атқарушысы.

2011 жылдан бастап  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің «Музыкалық білім» кафедрасының аға оқытушысы.

2018-2019 жж. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясы Сүгір атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің әртісі.

2020 жылдан Шымкент қалалық мәдениет үйі қазақ оркестрінің әртісі.

Жетістіктері:

2007 ж Республикалық фольклорлық ансамбльдерінің байқауы Шымкент қ. «Қазына» фольклорлық ансамблінің құрамында (ІІ орын, «Үздік орындаушы» номинациясы);

2008ж. Құрманғазы атындағы Республикалық орындаушылар байқауы Астана қ. (диплом);

2008 ж. Ықылас атындағы Республикалық қобызшылар байқауы Тараз қ. (диплом); 2009 ж Республикалық «Көне ғасыр сазы» қобызшылар байқауы Ақтөбе қ. (бас жүлде);

2009 ж. Облыстық музыкалық өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін «Алтын көшбасшы» номинациясының иегері;

2015ж. Халықаралық «Сибирь зажигает звезды» атты байқау фестивалі, Бас жүлде, Омск, Ресей;

2017ж. Халықаралық музыкалық аспаптарда орындаушылардың «WINTER SONATA» интернет-байқауы, І орын, Андорра;

2021 ж. «American edition» халықаралық интернет-байқауы, І орын, АҚШ

Марапаттары:

2017ж.  Мәдениет пен өнерге қосқан үлесі үшін Европа мәдениет комитетінің білім және ғылым ассамблеясы «Euromediastargroup» ұйымының «Үздік оқытушы» және «Үздік орындаушы» медальдары; 

2018 ж. «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтына 80-жыл» медалі;

2018 ж.«Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі;

2021 ж. Түркістан облысы мәслихатының алғыс хаты.

2022 ж. ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін «Күміс төсбелгі».

Оқу материалдары

Аспаптық жұмыс қыл қобыз

Қаң. 15, 2025, 1:15 Т.Қ.